Плей-оффтың тоғызыншы күніне шолу

2 sáýir
1202

«Барыс» «Барыс-Жасты» ойсырата жеңіп, сериядағы есепті теңестірді. «Ястребы» мен «Торпедо» Өскеменге тең түскен есеппен оралады.

Олег Шулаевтың командасы «Барыс-Жаспен» төртінші жекпе-жекті екпіндетіп бастады және бұл тактика нәтиже берді. Бірінші кезеңде-ақ қарсыластың қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай есеп айырмашылығы арта берді. Кездесудің басты қаһарманы 25 соққыға тойтарыс берген «Барыстың» қақпашысы Роман Калмыков болды. Серия есебі тағы да теңесті.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 0:5 (0:3, 0:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 2-2

0:1 – 05:11 – Оспанов (Цыбин, Талдыкин)

0:2 – 06:55 – Филиппенко (Сапарбек Д.)

0:3 – 09:48 – Цыбин (Логвин)

0:4 – 39:14 – Оспанов ГМ

0:5 – 40:58 – Сапарбек Д. (Бойко)

Қақпашылар: Пестов (Габдуллин, 55:30 – 60:00) – Павленко

«Ястребы» мен «Торпедо» бірігіп, 11 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Алаң иелері сәл алға шықты. Жеңісті шайба Батырхан Камиденнің есебінде. Серия Өскеменге 2-2 тең есеппен оралады.

«Ястребы» – «Торпедо» 6:5 (2:1, 1:2, 3:2)

Сериядағы есеп: 2-2

0:1 – 05:18 – Тютюньков Я.

1:1 – 14:00 – Козорез (Сафаргалиев, Адеев)

2:1 – 15:55 – Сафаргалиев (Ницевич)

2:2 – 20:37 – Подшивалов (Алдабергенов)

3:2 – 31:01 – Чалов (Медведев, Ницевич)

3:3 – 35:09 – Алдабергенов (Перов, Подшивалов)

4:3 – 42:41 – Чалов (Медведев, Ницевич) ГБ

4:4 – 44:39 – Перов

5:4 – 46:37 – Медведев (Ницевич) ГМ

5:5 – 49:13 – Рифель (Храмов) ГБ

6:5 – 50:39 – Камиден (Козорез)

Қақпашылар: Емельянов – Ершов (Осокин, 50:39-60:00)