Алматы қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті, Ақтөбе плей-оффқа жолдама алды

14 qańtar
677

Қазақстанның жастар хоккей чемпионатындағы Алматы мен Көкшетауда өтіп жатқан ойындарды назарда ұстап отырмыз.

«Алматы» командасы жаңа жылдың алғашқы үй матчтар сериясын сәтті нотада аяқтады. Ұжым тағы да «Құлагерге» еш мүмкіндік бермей, турнир кестесінде алтыншы орынға нық орнықты. Темірлан Марат дубль авторы атанса, Арыстан Әмірқановтың еншісінде 4 (1+3) ұпай бар. Ал қақпашы Александр Павлов қақпаға бағытталған 37 соққыны тойтарды.

«Алматы» - «Құлагер» 5:2 (1:0, 2:0, 2:2)

1:0 - 19:09 - Шевченко (Әмірқанов)

2:0 - 26:00 - Шмидт (Әмірқанов, Шевченко)

3:0 - 31:42 - Марат (Әмірқанов, Ырыс)

3:1 - 48:22 - Кузьмин (Зыбин)

3:2 - 49:56 - Толстенев (Хусаинов, Седов) ГБ

4:2 - 55:21 - Әмірқанов (Марат, Ырыс)

5:2 - 58:44 – Марат

Қақпашылар: Павлов - Валентюкевич

«Ақтөбе» матчтың соңғы минуттарында «Арланды» жеңіп кетті. Шешуші голдың авторы дубль жасаған Матфей Катасонов болды. Кирилл Шпигун өз қақпасына бағытталған 22 соққыны тойтарды. Осы жеңістен кейін Батыс Қазақстан командасы ағымдағы маусымдағы Jastar Ligasy плей-оффына шығуын ресми түрде қамтамасыз етті.

«Арлан» - «Ақтөбе» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)

0:1 - 16:53 - Катасонов (Потапов) ГМ

0:2 - 33:33 - Каденов (Кошевник, Болат)

1:2 - 37:32 - Лесников (Сингатулин, Алиев)

2:2 - 53:45 - Даулетбек (Нуреев)

2:3 - 58:54 - Катасонов (Потапов, Куминов)

Қақпашылар: Лаюров - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.