Торпедо мен Карметтің сенімді жеңістері, Барыс жеңілді

14 qańtar
286

Қазақстан жастар чемпионатының Өскемендегі, Павлодар мен Атыраудағы матчтарын бақылаймыз.

«Торпедо» өз алаңында «Тұранды» жеңді. Ойында үшінші кезең шешуші болды: алаң иелері үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Өскемендіктер құрамынан Владислав Ануфриев дубль жасады. Никита Мерзлинкин мен Данил Пупков командаластарына екі реттен пас берді.

«Торпедо» - «Тұран Тайгерс» 6:2 (1:1, 2:0, 3:1)

0:1 - 12:03 - Сенько (Мартынов, Ержігіт)

1:1 - 13:46 - Ануфриев (Мерзликин, Украинцев)

2:1 - 27:18 - Карпов

3:1 - 30:12 - Челюк (Ануфриев, Мерзликин)

3:2 - 44:06 - Гизатулин (Приморцев-Агеев, Любченко)

4:2 - 48:06 - Ануфриев (Худяков, Челюк)

5:2 - 52:09 - Белоусов (Домрачев, Пупков)

6:2 - 52:31 - Әбденов (Асанов, Пупков)

Қақпашылар: Осенин - Синдеев (Мельников, 52:31-60:00)

Чемпионат көшбасшысы «Кармет» «Мұнайшыны» тырп еткізбеді. «Сары-қаралар» бөтен қақпаға жауапсыз тоғыз шайба аттандырды. Қонақтар құрамынан Мәди Нұрқанов пен Никита Рублёв үш балдан жинады. Фёдор Илларионов қақпаға бағытталған 12 соққыға тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Кармет» 0:9 (0:2, 0:4, 0:3)

0:1 - 14:21 - Соколов (Қалқабек, Рублёв)

0:2 - 19:42 - Нұрқанов (Стариненко, Алтухов)

0:3 - 22:25 - Стариненко (Нұрқанов) ГБ

0:4 - 27:20 - Ольденбургер (Рублёв)

0:5 - 29:42 - Алтухов (Нұрқанов, Буяльский)

0:6 - 39:34 - Гареев (Нұрқанов, Симонов)

0:7 - 57:08 - Гордин (Давлетшин, Нұрбеков)

0:8 - 57:42 - Рублёв (Қалқабек, Соколов)

0:9 - 58:58 - Симонов (Нұрқанов, Нұрбеков)

Қақпашылар: Пушков (Плотников, 29:42-60:00) - Илларионов

«Жас Батыр» бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, «Барыстан» басым түсті. Осы кезеңде атыраулықтар қарсыласты төрт рет састырып, әрі қарай ойын барысын бақылады. Екі гол Никита Польскийдің есебінде. Дулат Еркінов 29 сейв жасады.

«Жас Батыр» - «Барыс» 6:3 (4:1, 1:0, 1:2)

1:0 - 04:57 - Юдин (Забурдяев, Багитжанов)

2:0 - 06:01 - Польский (Максимов, Иконников)

3:0 - 12:58 - Конрадий (Секербай)

3:1 - 13:49 - Айтмағамбетов (Қабдуали)

4:1 - 18:12 - Забурдяев

5:1 - 22:00 - Польский (Еркінов)

5:2 - 44:20 - Қабдуали (Ломако, Тілеубаев) ГБ

5:3 - 47:28 - Кубатаев (Саттар, Мукашев)

6:3 - 53:15 - Секербай (Базунц, Конрадий)

Қақпашылар: Еркінов - Кучковский (Кравцов, 12:58-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.