Бейсенбіге Jastar Ligasy-нда төрт кездесу жоспарланды.

«Кармет» қарқынын бәсеңдетпей, ағымдағы маусымдағы соңғы түздегі кездесуінде жеңіске жетті. Қонақтар құрамынан Никита Соколов дубль авторы атанса, Фёдор Илларионов қақпаға бағытталған 18 соққыны тойтарды. «Мұнайшы» сапында Павел Бабешко екі шайба соқты.
«Мұнайшы» - «Кармет» 2:6 (1:2, 0:1, 1:3)
0:1 - 05:09 - Рублёв (Қалқабек)
0:2 - 10:39 - Вагнер (Маринин, Стариненко)
1:2 - 19:16 - Бабешко (Каршыгаев, Есеркепов)
1:3 - 26:52 - Соколов (Рублёв, Давлетшин)
1:4 - 42:43 - Саруарбек (Забурдяев, Нұрбеков)
1:5 - 48:15 - Соколов (Давлетшин, Қалқабек) ГБ
2:5 - 48:49 - Бабешко
2:6 - 56:28 - Нұрбеков (Саруарбек, Маринин)
Қақпашылар: Плотников - Илларионов

«Ақтөбе» тағы да «Арланды» есептегі ең аз айырмашылықпен жеңді. Қонақтардың жеңісіне Ярослав Герасимов пен Андрей Шпактың дәл соққылары, сондай-ақ Андрей Шпигунның 27 сейві ықпал етті. Осылайша Батыс Қазақстаннан келген ұжым чемпионаттағы үшінші орнын нығайтты, ал көкшетаулықтар плей-офф аймағынан әлі де екі ұпайға қалып келеді.
«Арлан» - «Ақтөбе» 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)
0:1 - 21:03 - Герасимов (Зубарев, Шпак)
1:1 - 48:22 - Ершов ГМ
1:2 - 54:31 - Шпак (Чекалин, Катасонов)
Қақпашылар: Лаюров - Шпигун

«Барыс» «Жас Батырмен» өткен екінші кездесуде қорғаныста өте сенімді ойнап, қарсыластарынан «құрғақ» қарымта қайтарды. Шайбаларды артық құраммен Әлішер Аманғалиев, Әмірхан Шегебаев және Нұрәлі Айтмағамбетов соқты. Қонақтар қақпашысы Леонид Кравцов 19 сейв жасады.
«Жас Батыр» - «Барыс» 0:3 (0:0, 0:1, 0:2)
0:1 - 35:12 - Аманғалиев (Шакенов, Церульников) ГБ
0:2 - 41:02 - Шегебаев (Шакенов, Амангалиев)
0:3 - 53:11 - Айтмағамбетов (Қабдуали, Тілеубаев)
Қақпашылар: Костоев - Кравцов

«Тұран Тайгерс» Өскеменде өткен матчта қарымта қайтарды. Бұған түркістандықтардың қақпашысы Михаил Байдектің тамаша ойыны айтарлықтай әсер етті — ол қақпаға бағытталған 50 соққыны тойтарды. Қонақтар шабуылшысы Глеб Любченко дубль авторы атанды. Екі ұпайдың арқасында «жолбарыстар» плей-офф жолдамасы үшін күресін жалғастырып келеді.
«Торпедо» - «Тұран Тайгерс» 3:4 (2:0, 0:3, 1:1)
1:0 - 04:05 - Челюк (Мерзликин)
2:0 - 13:15 - Трегубов
2:1 - 23:11 - Любченко (Мұхамедияров)
2:2 - 27:38 - Гизатулин
2:3 - 28:19 - Рахматуллаев (Дәулеталиев, Әлихан)
2:4 - 40:47 - Любченко (Мұхамедияров)
3:4 - 55:51 - Украинцев (Пальмтаг)
Қақпашылар: Зиновьев - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr