«Барыс» – «Алматы» арасындағы матчтар жоспарланған күндері өтпейді

17 qańtar
969

ҚХФ-ның республикалық жарыстар өткізу департаменті 19 және 20 қаңтарға жоспарланған «Барыс» – «Алматы» матчтарына қатысты жағдайды түсіндіреді.

ҚХФ-ның республикалық жарыстар өткізу департаменті 19 және 20 қаңтарға жоспарланған «Барыс» – «Алматы» матчтарына қатысты жағдайды түсіндіреді.

Күрделі ауа райы жағдайларына байланысты «Барыс» командасы «Жас Батырмен» өткен ойындардан кейін жоспарланған күні Атыраудан ұшып шыға алмады. Әуе және теміржол билеттерінің болмауына байланысты «Алматыға» қарсы алдағы кездесулерге қатысу үшін «Барыстың» Астанаға уақытында жетуі мүмкін емес. Қазіргі уақытта команданың Атыраудан ұшып шығуы 20 қаңтарға жоспарланған.

Осыған байланысты «Барыс» пен «Алматы» арасындағы 19 және 20 қаңтарға белгіленген матчтар көрсетілген күндері өтпейді. Қосымша ақпарат кейінірек біздің ресми ресурстарымызда жарияланады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.