Жексенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында үш кездесу өтті.

Петропавлда өткен алғашқы ойында «Құлагер» мен «Ақтөбе» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Айта кету керек, 36-минуттың басына қарай «Құлагер» үш шайбамен алда болды (Мақсат Илияс дубль авторы атанды), алайда алаң иелері бұл басымдықты сақтап қала алмады. Ал Батыс Қазақстаннан келген ұжымға жеңісті Артём Кошевниктің дәл соққысы әкелді.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:4 Б (2:0, 1:2, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 08:54 - Илияс (Телегин, Тузов) ГБ
2:0 - 14:02 - Илияс (Телегин, Седов) ГБ
3:0 - 22:11 - Хусаинов (Гридчин, Төлеубай)
3:1 - 35:06 - Болат (Шипулин)
3:2 - 38:55 - Герасимов (Кошевник)
3:3 - 44:22 - Коротких (Кошевник, Зубарев)
3:4 - 65:00 - Кошевник ШБ
Қақпашылар: Төлеубай - Шпигун

Нәтижелі өткен матчта «Торпедо» «Арланды» жеңді. Қонақтар құрамынан Данил Челюк хет-трик авторы атанды. Владислав Ануфриев қарсылас қақпасын екі рет дәл көздеді. Ал өскемендік қақпашы Давид Зиновьевтің еншісінде 29 сейв бар.
«Арлан» - «Торпедо» 4:7 (1:3, 1:1, 2:3)
0:1 - 04:16 - Ануфриев ШБ
0:2 - 05:00 - Ануфриев
1:2 - 16:36 - Дәулетбек (Нуреев)
1:3 - 16:55 - Ергешев
2:3 - 22:24 - Акименко (Ершов, Кентаев) ГБ
2:4 - 25:00 - Худяков ГМ
2:5 - 40:11 - Челюк
2:6 - 41:29 - Челюк (Худяков, Ануфриев)
3:6 - 48:39 - Акибаев (Даулетбек)
4:6 - 52:50 - Тукин (Ершов, Бикситов) ГБ
4:7 - 59:59 - Челюк (Трегубов) ПВ
Қақпашылар: Лаюров (Аминов, 41:29-59:20) - Зиновьев

«Тұран» «Мұнайшының» қарсылығын еңсерді. Дегенмен «жолбарыстар» матч барысында төрт шайбамен алда бола тұра, басымдылықтан айырылып қала жаздады. Үшінші кезеңде павлодарлықтар есеп айырмасын минимумға дейін қысқартып, аз құраммен екі рет шайба салды (екі шайбаның да авторы – Павел Бабешко). Алайда түркістандықтар өз дегеніне жетті. Жеңіс шайбасын Андрей Гизатулин соқты.
«Мұнайшы» - «Тұран Тайгерс» 3:4 (0:1, 0:3, 3:0)
0:1 - 12:28 - Любченко (Артюшин, Мұхамедияров)
0:2 - 29:15 - Сенько (Амангелді, Мартынов)
0:3 - 34:04 - Амангелді (Мартынов, Сенько)
0:4 - 38:18 - Гизатулин (Любченко, Мухамедияров) ГБ
1:4 - 43:55 - Бабешко ГМ
2:4 - 44:54 - Бабешко (Каршыгаев, Есеркепов) ГМ
3:4 - 55:31 - Головащенко (Бабешко, Есеркепов) ГБ
Қақпашылар: Плотников (Пушков, 38:18-59:40) - Синдеев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr