Қазақстан жастар чемпионатының ойын күніндегі жалғыз матч елордада өтті.
«Астана» «Жас Батырмен» өткен екінші кездесуде әр кезеңде бір шайбадан соғып, қорғаныста сенімді ойнады. Алаң иелері сапынан сұрмергендер Владимир Чепышкин, Абдуррахим Қыдырбай және Игнат Шевченко өз есептерін толықтырды. «Астана» қақпашысы Максим Орешко 42 соққыны қайтарды. Жинаған екі ұпайдың арқасында «Астана» турнир кестесінде сегізінші орынға орнықты.
«Астана» - «Жас Батыр» 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)
1:0 - 07:30 - Чепышкин (Сүлейменов, Шевченко)
1:1 - 13:25 - Әбдашимов (Максимов, Чокпаров) ГБ
2:1 - 32:07 - Қыдырбай (Петренко)
3:1 - 51:15 - Шевченко (Дровосеков, Әбдірахманов)
3:2 - 56:56 - Максимов (Юдин, Чокпаров) ГМ
Қақпашылар: Орешко - Костоев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar