Петропавл мен Теміртауда өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын бақылаймыз.

Елдің солтүстігіндегі алғашқы ойында петропавлдықтар «Торпедоға» қарсы төтеп бере алмады. Кездесудің басты қаһарманы – хет-трик жасаған өскемендік шабуылшы Роман Худяков. Алексей Трегубов алаң иелерін екі рет қапы қалдырса, матчтың ең нәтижелі ойыншысы Владислав Ануфриев атанды (1+3).
«Құлагер» - «Торпедо» 2:9 (0:2, 1:3, 1:4)
0:1 - 12:27 - Трегубов (Гасников)
0:2 - 16:08 - Якушкин (Ергешев, Гасников)
0:3 - 22:50 - Ануфриев (Челюк) ГМ
0:4 - 28:45 - Чалкин (Карпов, Якушкин)
1:4 - 35:36 - Хусаинов (Дрождин)
1:5 - 36:43 - Худяков (Украинцев, Ануфриев)
1:6 - 40:23 - Худяков (Ануфриев, Украинцев)
1:7 - 40:42 - Трегубов
1:8 - 42:03 - Барбанаков
1:9 - 50:32 - Худяков (Челюк, Ануфриев)
2:9 - 56:19 - Седов
Қақпашылар: Төлеубай (Валентюкевич, 40:42-60:00) - Зиновьев (Осенин, 46:39-60:00)

Аптаның негізгі жекпе-жегінде «Кармет» өз айдынында «Ақтөбенің» қақпасын бұза алмады. Бұл кездесуде қонақтар соққан төрт шайбаның үшеуін артық құрамда жүзеге асырды. Батыр Болат қарсыластарын екі рет қапы қалдырса, Андрей Шпак серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Батысқазақстандықтардың жаңа ойыншысы Иван Роговской қақпаға бағытталған 35 соққыны қайтарды.
«Кармет» - «Ақтөбе» 0:4 (0:0, 0:0, 0:4)
0:1 - 45:20 - Болат (Катасонов, Шпак) ГБ
0:2 - 54:11 - Болат (Шпак) ГБ
0:3 - 58:16 - Шипулин ПВ
0:4 - 59:14 - Артамонов (Болат, Шпак) ГБ
Қақпашылар: Зюзин - Роговской
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar