Қазақстан жастар чемпионатының Астана, Теміртау мен Павлодар қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.

«Сұңқар» басымдықты сәтті пайдаланып, «Астана» командасының қарсылығын еңсерді. Қонақтар соққан екі шайба да артық ойыншы форматында тіркелді. Родион Суфьянов пен Илья Перцев мергендер қатарын толықтырды. Ал оралдықтардың қақпашысы Абай Шәріпов өз еншісіне 31 сейв жазды.
«Астана» - «Сұңқар» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 15:33 - Суфьянов (Перцев, Серікболатов) ГБ
0:2 - 59:03 - Перцев (Серікболатов, Михеев) ГБ
Қақпашылар: Есен - Шарипов

«Кармет» «Ақтөбеге» қарсы қарымта кездесуде ойынды қарқынды бастап, нәтижесінде сенімді қарымтаға қол жеткізді. Айта кетерлігі, алаң иелері екі шайбаны кем құрамда соқты. Никита Рублёв пен Тимофей Симонов дубль авторлары атанды. Ал Алексей Зюзин 32 соққыны тойтарды.
«Кармет» - «Ақтөбе» 7:1 (3:0, 1:0, 3:1)
1:0 - 05:23 - Рублёв (Борисов, Қалқабек)
2:0 - 11:45 - Гареев (Нұрқанов, Сәруарбек)
3:0 - 18:50 - Симонов (Божко, Лигай) ГМ
4:0 - 20:59 - Нұрбеков (Нұрқанов)
5:0 - 47:41 - Рублёв (Қалқабек) ГМ
5:1 - 49:08 - Потапов (Болат, Артамонов)
6:1 - 57:30 - Нұрқанов (Маринин, Нұрбеков)
7:1 - 59:37 - Симонов (Сәруарбек, Маринин)
Қақпашылар: Зюзин - Роговской

«Алматы» «Мұнайшыны» тек буллиттер сериясында ғана жеңе алды. Павлодарлық ұжым негізгі уақытта жеңілістен финалдық сиренаға 25 секунд қалғанда құтылып, осылайша осы чемпионаттағы сегізінші ұпайын еншіледі. Ал оңтүстік астаналық команда үшін шешуші буллитті Матвей Курносенко сәтті орындады.
«Мұнайшы» - «Алматы» 2:3 Б (1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)
1:0 - 06:17 - Бабешко
1:1 - 42:10 - Шевченко (Манажанов)
1:2 - 45:54 - Марат (Әмірқанов, Шевченко)
2:2 - 59:35 - Бабешко (Сәрсембаев, Калина)
2:3 - 65:00 – Курносенко ПБ
Қақпашылар: Челайдюк - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr