Қазақстан жастар чемпионатында сенбіге төрт кездесу жоспарланды.

«Жас Батыр» Рудныйда екінші жеңісіне қол жеткізді. Негізінен, атыраулықтар матчтың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша-ақ жеңімпазға қатысты барлық сұрақты шешіп қойды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы алаң иелерінің қорғаушысы Никита Прохоров болды — ол екі шайба соғып, екі нәтижелі пас берді. «Жас Батыр» тұрақты чемпионаттың үздік төрт командасының қатарына ену жолындағы күресін жалғастыруда.
«Горняк» - «Жас Батыр» 2:9 (0:4, 1:3, 1:2)
0:1 - 06:21 - Прохоров (Иконников, Юдин) ГБ
0:2 - 10:22 - Прохоров (Конрадий, Иконников) ГБ
0:3 - 11:58 - Забурдяев (Секербай, Серік)
0:4 - 14:32 - Юдин (Багитжанов) ГБ
0:5 - 21:58 - Максимов (Чокпаров)
0:6 - 25:54 - Базунц (Юдин)
0:7 - 26:52 - Багитжанов (Чокпаров, Прохоров)
1:7 - 27:12 - Долганов (Прокопенко)
1:8 - 45:44 - Конрадий (Ильясов)
1:9 - 47:01 - Иконников (Прохоров) ГБ
2:9 - 49:28 - Кириневич (Долганов)
Қақпашылар: Шинковский - Амангали

«Сұңқар» овертаймда «Астананы» жеңіп, елордадан төрт ұпай алып қайтты. Бұл нәтиже оралдықтарға үздік сегіздікке дейінгі арақашықтықты екі ұпайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бүгін қонақтардың жеңісіне Ибрагим Маликов, Мирас Серікболатов, Әмір Әуезбай және шешуші шайбаның авторы атанған Михаил Черниковтың дәл соққылары үлес қосты. «Сұңқар» қақпашысы Абай Шәріпов қақпаға бағытталған 46 соққыны қайтарды.
«Астана» - «Сұңқар» 3:4 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 0:1)
0:1 - 09:40 - Маликов (Суфьянов, Родионов)
0:2 - 22:20 - Серикболатов (Перцев, Әуезбай) ГБ
1:2 - 31:02 - Шевченко (Мейрам, Чепышкин) ГБ
2:2 - 51:56 - Мейрам (Есен, Чепышкин) ГБ
2:3 - 58:05 - Әуезбай (Маликов)
3:3 - 59:46 - Қыдырбай (Абдрахманов, Шевченко)
3:4 - 61:40 - Черников (Талерко, Перминов)
Қақпашылар: Есен - Шарипов

«Барыс» «Тұран Тайгерсті» тағы да ойсыратып, чемпионат көшбасшысы «Карметке» үш балдық арақашықтыққа жақындады. Бұл ретте елордалық ұжымның қорында екі матч бар. «Тайгерспен» екінші текетіресте Амир Гафуров хет-трик жасады, Хаким Кубатаев командаластарына үш рет пас берді.
«Барыс» - «Тұран Тайгерс» 10:2 (3:1, 4:0, 3:1)
1:0 - 06:02 - Аманғалиев (Шәкенов)
1:1 - 07:16 - Гизатулин (Бурабай)
2:1 - 12:37 - Гафуров (Шегебаев, Кубатаев) ГБ
3:1 - 19:05 - Гафуров (Толстунов, Кубатаев) ГБ
4:1 - 22:35 - Саттар (Дронов, Кенжеғали)
5:1 - 27:48 - Гафуров (Толстунов, Харченко)
6:1 - 29:10 - Қайыргелді (Крутский, Аманғалиев)
7:1 - 38:13 - Қабдуали (Тілеубаев, Айтмағамбетов)
8:1 - 48:03 - Дронов (Саттар, Айболұлы)
9:1 - 48:41 - Харченко (Кубатаев, Гафуров)
10:1 - 51:59 - Тілеубаев (Сидоренко, Қабдуали) ГБ
10:2 - 57:17 - Сенько
Қақпашылар: Кучковский - Байдек (Мельников, 29:10-48:41)

«Алматы» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Мұнайшыны» жеңді. Қонақтар құрамынан Данила Шевченко дубль жасады.
«Мұнайшы» - «Алматы» 1:7 (0:1, 1:1, 0:5)
0:1 - 11:17 - Югай (Ивановский)
1:1 - 25:15 - Сәрсембаев (Калина)
1:2 - 34:01 - Шевченко (Манажанов, Әмірқанов) ГБ
1:3 - 47:00 - Шевченко (Марат)
1:4 - 48:13 - Шмидт (Югай)
1:5 - 50:18 - Рузбакиев (Қиялов)
1:6 - 56:30 - Марат (Әмірқанов, Манажанов) ГБ
1:7 - 57:04 - Мұраталиұлы (Ивановский)
Қақпашылар: Челайдюк (Пушков, 50:18-60:00) - Павлов (Колесник, 52:29-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr