Астана «тайгерстен» басым түсті, Сұңқар Өскеменде сәтті ойын көрсетті, ал Ақтөбе Жас Батырды жеңді

27 qańtar
218

Қазақстан жастар чемпионаты үш матчпен жалғасуда.

«Астана» өз алаңында «Тұранды» сенімді түрде жеңді. Түркістандықтардың қақпасына Айдар Сүлейменов пен Владимир Чепышкин екі-екіден шайба соқты. Игнат Шевченко серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 30 соққыны қайтарды.

«Астана» - «Тұран Тайгерс» 5:2 (1:0, 2:2, 2:0)

1:0 - 17:04 - Чепышкин (Шевченко, Самаров) ГБ

1:1 - 25:02 - Ержигит (Мартынов, Сенько)

2:1 - 26:33 - Дровосеков (Ербулат, Графкин)

3:1 - 33:19 - Сулейменов (Мейрам, Чепышкин)

3:2 - 34:58 - Любченко (Мухамедияров, Приморцев-Агеев) ГБ

4:2 - 45:03 - Чепышкин (Шевченко, Сулейменов)

5:2 - 55:16 - Сулейменов (Чепышкин, Шевченко)

Қақпашылар: Есен - Байдек

«Сұңқар» Өскеменде екі ұпай олжалады. Кездесудің басты қаһарманы – дубль жасаған қонақтар сапындағы шабуылшы Илья Перцев. Қақпашы Абай Шәріповтың еншісінде 39 сейв бар. Осы жеңістің арқасында 40 ұпай межесіне жеткен оралдық ұжым Jastar Ligasy плей-оффына шығу жолындағы күресін жалғастырып келеді.

«Торпедо» - «Сұңқар» 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)

0:1 - 37:15 - Перцев

0:2 - 37:46 - Перцев (Михеев, Суфьянов) ГБ

1:2 - 54:45 - Дегтярев (Чалкин)

Қақпашылар: Грохотов - Шәріпов

Батыс Қазақстандағы тартыста «Ақтөбе» «Жас Батырдан» басым түсті. Шешуші соққының авторы – Даниил Надейкин. Ал Кирилл Шпигун 40 сейв жасап, алаң иелеріне үлкен көмек көрсетті.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 4:2 (1:0, 1:0, 2:2)

1:0 - 02:29 - Катасонов (Потапов) ГМ

2:0 - 32:09 - Шипулин (Надейкин, Герасимов) ГБ

2:1 - 40:39 - Багитжанов (Забурдяев)

2:2 - 50:13 - Конрадий (Максимов, Абдашимов)

3:2 - 51:19 - Надейкин (Болат)

4:2 - 52:41 - Артамонов (Каденов, Катасонов)

Қақпашылар: Шпигун - Еркинов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.