Сәрсенбі күні Қазақстанның жастар чемпионатында үш кездесу жоспарланған.

«Астанаға» қарсы екінші матчтың соңғы бөлімі басталар сәтте «Тұран» үш шайбалық басымдықпен алда тұрған еді. Алайда елордалықтар қуғынға шығып, ол әрекет өз нәтижесін берді. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды, онда алаң иелері дәлірек болды. Шешуші соққының авторы – Айдар Сүлейменов. «Тайгерс» сапында Глеб Любченко дубль жасаса, Глеб Мартынов серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Екі команда да плей-оффқа шығу жолындағы тартысты бәсекені жалғастырып келеді.
«Астана» - «Тұран Тайгерс» 5:4 Б (1:2, 0:2, 3:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 06:27 - Әлихан (Мартынов, Сенько)
0:2 - 17:35 - Любченко (Мартынов)
1:2 - 19:59 - Чепышкин (Сүлейменов)
1:3 - 27:40 - Нұрлан (Сенько, Мартынов) ГБ
1:4 - 38:23 - Любченко (Мухамедияров, Гизатулин)
2:4 - 41:03 - Сүлейменов (Шевченко)
3:4 - 45:35 - Дровосеков (Әбдірахманов, Валиханов) ГБ
4:4 - 52:23 - Әбдірахманов (Дровосеков, Оразғали)
5:4 - 65:00 – Сүлейменов ПБ
Қақпашылар: Орешко (Есен, 20:00-65:00) - Синдеев

Ұқсас жағдай Өскемендегі кездесуде де орын алды. «Сұңқар» матчтың 50 минуттан астам бөлігінде ойын барысын толық бақылауда ұстады. Алайда шешуші сәт «торпедошылардың» пайдасына шешілді – олар финалдық сиренаға 38 секунд қалғанда жеңіс шайбасын соқты. Бұл голдың авторы – Богдан Украинцев. Алаң иелерінің қақпашысы Вадим Грохотов қақпаға бағытталған 30 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Сұңқар» 3:2 (0:1, 0:1, 3:0)
0:1 - 12:45 - Родионов (Талерко, Черников) ГБ
0:2 - 21:20 - Черников (Талерко, Иваницкий)
1:2 - 52:04 - Дегтярев (Датаев, Белоусов) ГБ
2:2 - 58:25 - Домрачев (Трегубов, Габазов)
3:2 - 59:22 - Украинцев (Чалкин, Трегубов) ГБ
Қақпашылар: Грохотов - Шарипов

«Ақтөбе» өз алаңындағы батыстық тартыстың екінші ойынында да «Жас Батырдан» басым түсті. Алаң иелеріне жеңіс әкелген шешуші фактор — алғашқы кезең болды, сол аралықта атыраулықтардың қақпасына төрт шайба соғылды. Матфей Катасонов пен Артём Кошевник әрқайсысы екі голдан салды. Кирилл Шпигунның еншісінде 37 сейв бар.
«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 7:2 (4:0, 2:0, 1:2)
1:0 - 01:36 - Катасонов (Артамонов, Потапов)
2:0 - 04:25 - Кошевник (Коротких, Шпигун)
3:0 - 05:07 - Катасонов
4:0 - 12:01 - Коротких (Каденов, Зубарев) ГМ
5:0 - 21:01 - Кошевник (Катасонов, Герасимов)
6:0 - 31:45 - Герасимов (Катасонов, Шипулин)
6:1 - 48:06 - Секербай (Забурдяев)
7:1 - 51:12 - Болат (Куминов)
7:2 - 52:29 - Секербай (Конрадий, Забурдяев)
Қақпашылар: Шпигун - Еркінов (Амангали, 12:01-21:01)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr