Қазақстан жастар чемпионатындағы жұмыс аптасы үш матчпен басталды.

«Астана» мен «Арлан» арасындағы алғашқы кездесуде елордалық хоккейшілер басым түсті. Олар матчтың соңғы минуттарында соғылған екі голдың арқасында жеңісті жұлып алды. Алаң иелері сапынан Самир Самаров, Даниал Хидуанов және Владимир Чепышкин өз есептерін толықтырды. Қақпашы Айнарбек Есен 21 сейв жасады.
«Астана» - «Арлан» 3:2 (0:0, 1:2, 2:0)
1:0 - 32:35 - Самаров (Чепышкин, Шевченко)
1:1 - 35:17 - Айтқожа (Акибаев, Даулетбек) ГБ
1:2 - 38:42 - Байков ГБ
2:2 - 55:39 - Хидуанов (Қыдырбай, Чепышкин) ГБ
3:2 - 57:11 - Чепышкин (Самаров, Кыдырбай)
Қақпашылар: Есен - Лаюров

«Кармет» «Құлагермен» өткен өз алаңындағы ойында екінші жиырма минуттықтың басында-ақ кездесудің тағдырын шешіп қойды деуге болады. Кейін есеп айырмасы ірі көрсеткішке дейін ұлғайды.
Матчтың ең нәтижелі ойыншылары Никита Рублёв (3+1), Никита Маринин (2+2) және Никита Соколов (1+3) атанды. Петропавлдықтарды «құрғақ» жеңілістен Роман Гридчин құтқарып қалды.
«Кармет» - «Құлагер» 12:1 (5:0, 2:1, 5:0)
1:0 - 07:39 - Рублёв (Соколов)
2:0 - 10:16 - Рублёв
3:0 - 10:58 - Маринин (Вагнер, Буяльский)
4:0 - 19:28 - Гордин (Божко, Быков)
5:0 - 19:59 - Ольденбургер (Соколов)
6:0 - 23:14 - Маринин (Стариненко, Нурканов)
7:0 - 24:41 - Соколов (Рублёв, Калкабек)
7:1 - 38:45 - Гридчин
8:1 - 42:57 - Буяльский (Маринин)
9:1 - 44:31 - Рублёв (Соколов, Калкабек)
10:1 - 48:03 - Симонов (Винтовкин, Гордин)
11:1 - 54:32 - Стариненко (Маринин, Буяльский)
12:1 - 54:51 - Нурканов (Нурканов, Винтовкин)
Қақпашылар: Зюзин - Толеубай (Валентюкевич, 23:14-60:00)

«Горняк» Оралда өткен алғашқы матчта Игнат Яговкиннің қақпасын «ашудың» ретін таба алмады. «Сұңқар» қақпашысы қақпаға бағытталған 13 соққыны қайтарды, ал алаң ойыншылары оған жеті нәтижелі шабуылмен қолдау көрсетті. Сергей Иваницкий мен Родион Суфьянов дубль авторлары атанды.
«Сұңқар» - «Горняк» 7:0 (3:0, 2:0, 2:0)
1:0 - 04:51 - Суфьянов (Черныш) ГБ
2:0 - 05:03 - Иваницкий
3:0 - 09:42 - Макаринцев (Костенко, Родионов)
4:0 - 26:09 - Талерко (Иваницкий, Родионов)
5:0 - 36:55 - Черников ГБ
6:0 - 40:59 - Иваницкий (Родионов, Черников)
7:0 - 50:30 - Суфьянов (Перминов)
Қақпашылар: Яговкин - Камбаров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar