Қазақстан жастар чемпионатының алғашқы финалисі елордалық «Барыс» болды. «Торпедо» да «Ястребы» командасымен серияны алты матчпен аятады.
«Барыс-Жас» пен «Барыс» алтыншы матчтың жеңімпазын тек буллиттер сериясында анықтады. Негізгі уақытта 3:3 болып, тең түсті. «Барыс» Алдияр Нұрлан салған соққының және қорғаныстағы Роман Калмыковтың сенімді ойынының арқасында жеңіске жетті. Олег Шулаевтың командасы JastarLigasy-ның алғашқы финалисі атанды.
«Барыс-Жас» - «Барыс» 3:4 Б (1:1, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)
Сериядағы есеп: 2-4
1:0 – 03:34 – Кенесбай (Тюлюнов, Бейсембиев)
1:1 – 11:32 – Сапарбек Д. (Бойко, Комаров)
1:2 – 24:59 – Логвин
2:2 – 36:45 – Морожников
3:2 – 42:54 – Тюлюнов (Фокин А.)
3:3 – 46:24 – Сапарбек Д. (Талдыкин, Никитин) ГБ
3:4 – 65:00 – Нұрлан
Қақпашылар: Амирбеков – Павленко (Калмыков, 20:00 – 65:00)
«Торпедо» «Ястребы» командасының екпініне тойтарыс беріп, чемпионат финалына жолдама алды. Негізгі іс-қимылдар үшінші кезеңде орын алып, оралдық ұжымның қақпасына жауапсыз төрт шайба аттанды. Артём Перов дубль жасады.
«Ястребы» – «Торпедо» 1:7 (0:1, 1:2, 0:4)
Сериядағы есеп: 2-4
0:1 – 02:52 – Рифель (Стальмаков, Перов)
1:1 – 24:31 – Козорез ГМ
1:2 – 25:17 – Алдабергенов (Бондаренко, Кизекпаев)
1:3 – 26:06 – Перов (Рифель)
1:4 – 48:24 – Бондаренко (Подшивалов)
1:5 – 52:25 – Попов (Тютюньков Ян) ПВ
1:6 – 53:24 – Перов (Рифель, Астафьев) ПВ
1:7 – 54:43 – Подшивалов (Дьяченко, Алдабергенов) ГМ
Қақпашылар: Емельянов – Осокин