Торпедо – Жас Батыр сериясы алдында

16 aqpan
249

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.

«Торпедо» (4*) – «Жас Батыр» (5)

* осы жерде және әрі қарай – тұрақты чемпионаты қорытындысы бойынша орын.

Жеңістер/ұпайлар: 32/66 – 31/62.

Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 205/108 – 196/136.

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Владислав Ануфриев (65 балл, 24+41) – Марк Забурдяев (61 балл, 30+31).

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2, 7:2, 2:3 ОТ, 1:6.

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Роман Худяков (5 балл, 3+2) – Егор Левковец (5 балл, 4+1).


«Торпедо» – тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі, сондай-ақ қорғаныстағы ойыны бойынша үшінші команда. «Жас Батыр» – Лигада соғылған шайбалар саны бойынша төртінші ұжым.

Маусымдағы өзара кездесулерде қарсыластар екі реттен жеңіске жетті, әрі командалар жеңістеріне тек қонақ алаңында қол жеткізді.

Өскемендік команда плей-офф кезеңінің басталуына дейін соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетті. Ал атыраулықтар осы аралықта үш ойында басым түсті.

Командалардың үздік бомбардирлері Владислав Ануфриев пен Марк Забурдяев чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының топ-10 қатарына енді. Екеуі де 60 ұпайлық межеден асты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.