Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
«Барыс» (2) – «Сұңқар» (7)
Жеңістер/ұпайлар: 42/84 – 24/51.
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 316/74 – 143/128.
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Алдияр Қабдуали (85 балл, 31+54) – Михаил Черников (41 балл, 16+25).
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:1, 6:1, 2:1, 9:1.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Алдияр Кабдуали (8 балл, 5+3) – Мирас Серікболатов пен Михаил Черников (екеуі де 2 балдан, 2+0).
Елордалық ұжым тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша ең нәтижелі хоккей көрсетті және лигада ең аз шайба жіберген команда атанды. Батысқазақстандықтар да қорғаныста жаман ойнаған жоқ – жіберілген голдар саны бойынша төртінші көрсеткішке ие. Ал нәтижелілік тұрғысынан «Сұңқар» кубоктік сегіздік ішіндегі ең төменгі нәтижені көрсетті.
«Сұңқар» осы маусымда «Барыспен» өткен матчтарда бірде-бір жеңіске жете алған жоқ. Сонымен қатар оралдықтар бұл ойындарда бірде-бір рет бір голдан артық соға алмады.
Алдияр Қабдуали тұрақты маусымның үздік ассистенті атанды (54 нәтижелі пас) және «Кармет» ойыншысы Никита Рублёвпен бірге (екеуі де – 85 ұпайдан) үздік бомбардир атағын бөлісті.
Алдағы қарсыластардың қақпашылары Арсений Кучковский мен Абай Шариповтың қайтарылған соққылар пайызы статистикасында іс жүзінде бірдей көрсеткіш бар (91,7% – 91,6%). Алайда сенімділік коэффициенті бойынша «барыстардың» қақпашысы тиімдірек көрінеді. Кучковский бір ойынға орта есеппен 1,9 шайбадан жіберіп, жеті матчты «құрғақ» өткізді. Ал Шарипов сенімділік коэффициенті 3,1 бола отырып, төрт рет қақпасын голдан аман сақтады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr