Ястребы – Қазақстан жастар чемпионатының қола жүлдегерлері

9 sáýir
1190

Jastar Ligasy плей-оффының қорытындысы бойынша үшінші орынның иегері анықталды. Өздері қатысқан бірінші маусымда-ақ оралдық «Ястребы» чемпионаттың жүлдегері атанды.

Jastar Ligasy регламенті бойынша чемпионаттың қола жүлдесін жартылай финал кезеңінде ойынын тоқтатып, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша жоғарырақ орын алған ұжым иеленеді. Турнирдің жартылай финалистері – «Ястребы» және «Барыс-Жас». Оралдық ұжым тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші, ал елордалық команда төртінші орын алды.

Осылайша, 2020-2021 жылдардағы маусымның «қоласы» «Ястребы» командасына аттанады.