Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын түйіндейміз.
«Кармет» (1) – «Астана» (8)
Жеңістер/ұпайлар: 42/87 – 22/50.
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 280/75 – 172/157.
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Никита Рублёв (85 балл, 49+36) – Владимир Чепышкин (61 балл, 28+33).
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:3, 7:2, 2:1 Б, 4:0
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Никита Соколов (7 балл, 1+6) – Александр Графкин (2 балл, 2+0)
«Кармет» – лигада соғылған шайбалар саны бойынша да, қорғаныстағы сенімділік жағынан да екінші команда. Ал «Астана» – плей-оффқа қатысатын ұжымдар арасындағы ең көп шайба жіберген команда.
Қарсыластар арасындағы барлық төрт кездесу «сары-қаралардың» жеңісімен аяқталды. Тек бір ойында ғана елордалықтар буллиттер сериясына дейін жетіп, бір ұпай иелене алды.
Теміртаулық шабуылшы Никита Рублёв тұрақты маусымның үздік мергені атанды (49 гол) және «Барыс» ойыншысы Алдияр Кабдуалимен бірге (екеуі де – 85 ұпайдан) үздік бомбардир атағын бөлісті.
«Кармет» қорғаушысы Эдуард Ольденбургер (9+26) чемпионаттағы ең нәтижелі қорғаушылардың топ-3 қатарына енді.
Тағы бір «Кармет» өкілі Алексей Зюзин қақпашылар арасында сенімділік коэффициенті (1,7) мен тойтарылған соққылар пайызы (94%) бойынша көш бастады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr