Jastar Ligasy ширек финал кезеңінің алғашқы сериялары Астана мен Теміртауда басталады.

Барыс пен Сұңқар арасындағы алғашқы кездесудің басты кейіпкері елордалық ұжымның шабуылшысы Леонид Шакенов болды — ол дубль авторы атанды. Командаласының нәтижелі ойынын Святослав Харченко толықтырып, финалдық сиренаға бес минуттан сәл астам уақыт қалғанда матчтағы соңғы нүктені қойды. Алаң иелерінің қақпашысы Леонид Кравцов қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.
«Барыс» - «Сұңқар» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)
1:0 - 10:35 - Шакенов (Амангалиев)
2:0 - 47:37 - Шакенов (Церульников)
3:0 - 54:49 - Харченко (Дронов)
Қақпашылар: Кравцов - Шарипов
«Барыс» - «Сұңқар» сериясындағы есеп: 1-0 (3:0).

Елдің қазіргі чемпионы «Астана»чемпиондығын қорғаудыжақында ғана аяқталған тұрақты чемпионаттың жеңімпазы Кармет командасын қақпасына шайба дарытпай жеңуден бастады. Елордалық ұжымға жеңіс әкелген голдардың авторлары – Әлішер Валиханов пен Владимир Чепышкин. Ал қақпашы Айнарбек Есен 36 сейв жасап, команданың сенімді ойынына үлес қосты. Айта кетерлігі, осы маусымда «сары-қаралар» бұған дейін небәрі екі рет қана мұз айдынын гол соқпай аяқтаған еді.
«Кармет» - «Астана» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)
0:1 - 24:46 - Валиханов (Смаганбет)
0:2 - 52:36 - Чепышкин (Мұхамедияров, Сатемиров)
Қақпашылар: Зюзин - Есен
«Кармет» - «Астана» сериясындағы есеп: 0-1 (0:2).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr