Астанада және Өскеменде өтіп жатқан ширек финалдық кездесулерді бақылаймыз.

Бүгін оралдық ұжым биылғы плей-офф кезеңіндегі алғашқы шайбаларын соқты – Максат Илияс пен Владислав Михеев мергендік танытты. Алайда «Барыспен» өткен ширек финалдық сериядағы алғашқы жеңіске бұл жеткіліксіз болды. Елорда командасы сенімді түрде басым түсіп, қарсыластарын маусымды аяқтаудың аз-ақ алдында қалдырды. Кездесудің басты кейіпкері алаң иелерінің шабуылшысы Хаким Кубатаев болды – ол хет-трик авторы атанды.
«Барыс» - «Сұңқар» 6:2 (2:1, 3:0, 1:1)
0:1 - 07:45 - Илияс (Хусаинов)
1:1 - 10:41 - Ломако (Шакенов, Церульников)
2:1 - 14:57 - Саттар (Ломако, Мейірман)
3:1 - 22:35 - Кубатаев ГМ
4:1 - 24:29 - Айтмағамбетов (Қабдуали, Сидоренко)
5:1 - 39:39 - Кубатаев (Ломако, Гафуров)
6:1 - 51:09 - Кубатаев (Гафуров)
6:2 - 52:16 - Михеев (Макаринцев, Маликов)
Қақпашылар: Кучковский - Шарипов (Яговкин, 24:29-60:00)
«Барыс» - «Сұңқар» сериясындағы есеп: 2-0.

«Жас Батыр» «Торпедомен» өткен алғашқы ойынның бастапқы бөлігін жақсы өткізді. Тигран Базунец пен Кирилл Юдиннің шайбалары атыраулықтарға басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді. Алайда бұл жағдай алаң иелерін жігерлендіріп, одан кейін шайбалар тек қонақтардың қақпасына ғана соғылды. Захар Белоусов, Алексей Трегубов, Роман Худяков және Данил Челюк дубль авторлары атанды. Марат Сағымбаев пен Владислав Ануфриев серіктестеріне үш реттен нәтижелі пас берді. Осылайша, өскемендіктер басталған плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Торпедо» - «Жас Батыр» 8:2 (1:2, 1:0, 6:0)
0:1 - 06:15 - Базунц (Польский)
0:2 - 16:16 - Юдин (Бабичев) ГБ
1:2 - 19:56 - Худяков (Челюк, Сағымбаев) ГБ
2:2 - 32:44 - Белоусов (Украинцев, Пальмтаг)
3:2 - 40:29 - Белоусов (Кентаев)
4:2 - 44:01 - Челюк (Сағымбаев, Кентаев)
5:2 - 45:22 - Трегубов (Сағымбаев, Ануфриев)
6:2 - 47:35 - Трегубов (Домрачев, Белоусов)
7:2 - 48:38 - Челюк (Худяков, Ануфриев)
8:2 - 56:59 - Худяков (Челюк, Ануфриев)
Қақпашылар: Грохотов - Еркінов
«Торпедо» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 1-0.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr