Теміртау мен Ақтөбеде өтіп жатқан ширек финалдық кездесулерді бақылаймыз.

Тұрақты чемпионаттың көшбасшысы «Кармет» «Астанамен» өткен ширек финалдың екінші ойынында сүрінген жоқ. Металлургтер қаласындағы бүгінгі кездесу алаң иелерінің «құрғақ» жеңісімен аяқталды. Лев Гордин мен «тұрақты» маусымның үздік бомбардирі Никита Рублёв қарсылас қақпасын екі реттен дәл көздеді. Эдуард Ольденбургер үш нәтижелі пасымен көзге түсті. Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 20 соққыны қайтарды. Сериядағы есеп тең болғандықтан, командалар енді елордаға жол тартады.
«Кармет» - «Астана» 6:0 (2:0, 1:0, 3:0)
1:0 - 02:45 - Калкабек (Соколов, Ольденбургер)
2:0 - 04:53 - Гордин (Симонов, Рублёв)
3:0 - 23:55 - Степанов (Ольденбургер) ГБ
4:0 - 41:29 - Гордин (Божко) ГМ
5:0 - 49:32 - Рублёв (Соколов)
6:0 - 58:19 - Рублёв (Степанов, Ольденбургер) ГБ
Қақпашылар: Зюзин - Есен (Орешко, 44:49-60:00)
«Кармет» - «Астана» сериясындағы есеп: 1-0 (0:2, 6:0).

«Алматы» «Ақтөбені» жеңіп, серияда алға шықты. Қонақтарға жеңісті матчтың алғашқы кезеңі сыйлады – бұл бөлікте Мансур Отоудинов пен Павел Бабешко мергендік танытты.
Екінші кезеңде командалар шайба алмасты: Ярослав Герасимов «Ақтөбенің» плей-оффтағы алғашқы голын соқса, Бекнұр Ырыс қарсы жауап қатты. Ойынның аяқталуына бір жарым минут қалғанда Артём Кошевник есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты. Алайда Александр Павлов бастаған қонақтар қорғанысы, қақпашы 35 сейв жасағанымен, өз қақпасын аман сақтап қалды.
«Ақтөбе» - «Алматы» 2:3 (0:2, 1:1, 1:0)
0:1 - 14:40 - Отоудинов (Мұраталиұлы, Рузбакиев)
0:2 - 15:23 - Бабешко (Марат)
1:2 - 22:03 - Герасимов (Шпак)
1:3 - 25:44 - Ырыс (Әмірқанов, Тоқтасынов) ГБ
2:3 - 58:31 - Кошевник (Потапов, Герасимов)
Қақпашылар: Шпигун - Павлов
«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-1 (2:3).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr