Еліміздің батысы мен шығысында Jastar Ligasy ширек финалдық серияларының екінші матчтары өтуде.

«Торпедо» мен «Жас Батыр» Өскемен жанкүйерлерін тағы да нәтижелі ойынмен қуантты – қос команда 11 шайба соқты. Бұл жолы да алаң иелері дәлірек болып, үш жеңіске дейінгі серияда екінші жеңістеріне қол жеткізді.
«Торпедо» сапында Владислав Ануфриев 6 (2+4) ұпай еншілесе, Марат Сағымбаев төрт голға тікелей қатысып, 2+2 көрсеткішін тіркеді. Қонақтар құрамында Егор Максимов жеке статистикасына 4 (2+2) ұпай қосты. Бұл текетірестің келесі ойыны Атырауда өтеді.
«Торпедо» - «Жас Батыр» 7:4 (2:1, 3:1, 2:2)
1:0 - 02:42 - Ануфриев (Худяков, Сағымбаев) ГБ
2:0 - 08:19 - Сағымбаев (Ануфриев, Челюк)
2:1 - 17:23 - Дурглишвили (Иконников, Максимов) ГБ
2:2 - 21:59 - Иконников (Конрадий, Максимов)
3:2 - 30:02 - Худяков (Ануфриев)
4:2 - 34:31 - Ботищев (Сағымбаев, Абденов)
5:2 - 39:00 - Ануфриев (Худяков, Челюк)
5:3 - 41:18 - Максимов
5:4 - 47:02 - Максимов (Конрадий, Иконников)
6:4 - 55:27 - Челюк (Карпов, Ануфриев)
7:4 - 57:59 - Сағымбаев (Гасников, Ануфриев)
Қақпашылар: Грохотов - Костоев (Еркінов, 37:30-60:00)
«Торпедо» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 2-0 (8:2, 7:4).

«Алматы» «Ақтөбемен» текетіресте тағы да тиімді ойын үлгісін таңдап, сырт алаңда сериядағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қонақтар сапында Данила Шевченко, Темірлан Марат және Матвей Курносенко мергендік танытты. Қақпашы Илья Яковенко қақпаға бағытталған 36 соққыны сәтті қайтарды. Осылайша, оңтүстік астана командасына келесі кезеңге шығу үшін енді бір ғана жеңіс қажет.
«Ақтөбе» - «Алматы» 1:3 (0:0, 0:2, 1:1)
0:1 - 24:01 - Шевченко (Бабешко, Амырканов)
0:2 - 37:16 - Марат (Татаринцев, Курносенко)
1:2 - 45:16 - Герасимов (Бикситов, Болат) ГБ
1:3 - 59:34 - Курносенко ПВ
Қақпашылар: Шпигун - Яковенко
«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-2 (2:3, 1:3).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr