Астана мен Оралда өтіп жатқан Jastar Ligasy ширек финал серияларының матчтарын бақылаймыз.

«Астана» мен «Кармет» арасындағы үшінші кездесу ең тартысты өтті. Қорытынды кезең басталар сәтте есеп тең болды, әрі осы уақытқа дейін алаң иелері үш шайбалық айырманы жойып үлгерген еді. Алайда соңғы 20 минутқа «астаналықтардың» күші жетпеді.
Теміртаулықтар тағы төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, осы серияда алғаш рет алға шықты. Өткен тұрақты маусымның үздік бомбардирі Никита Рублёв өз еншісіне 4 (2+2) ұпай жазды. Қонақтар қақпашысы Алексей Зюзин 22 сейв жасады. «Астана» сапынан Абдуррахим Қыдырбай дубльмен көзге түсті.
«Астана» - «Кармет» 3:7 (0:0, 3:3, 0:4)
0:1 - 25:08 - Рублёв (Қалқабек)
0:2 - 28:35 - Қалкабек (Рублёв, Нұрқанов)
0:3 - 29:48 - Симонов (Алтухов) ГБ
1:3 - 37:44 - Қыдырбай (Мейрам, Хидуанов) ГБ
2:3 - 38:40 - Қыдырбай (Шевченко, Хидуанов) ГБ
3:3 - 39:15 - Чепышкин (Қыдырбай, Мейрам) ГБ
3:4 - 42:02 - Степанов (Соколов, Рублёв)
3:5 - 47:32 - Дәулетбек (Божко)
3:6 - 49:16 - Саруарбек (Давлетшин, Гареев)
3:7 - 57:10 - Рублёв (Нұрқанов, Симонов) ГБ
Қақпашылар: Есен - Зюзин
«Кармет» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-1 (0:2, 6:0, 7:3).

«Барыс» істі созбай, «Сұңқармен» болған серияны ең аз матч ішінде аяқтады. Бүгін шешуші үшінші кезең болды – осы уақытта қонақтар оралдықтардың қақпасына төрт рет шайба соқты. Астаналықтар үшін жеңіс шайбасының авторы дубль жасаған Әмір Ғафуров атанды. Қақпашы Леонид Кравцов 31 сейв тіркеді.
Осылайша тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша екінші орын алған «Барыс» плей-оффтың қазіргі маусымындағы алғашқы жартылай финалист болды. Ал «Сұңқар» бұл жеңілістен кейін маусымды бірінші кезеңде аяқтады.
«Сұңқар» - «Барыс» 2:6 (1:2, 1:0, 0:4)
0:1 - 04:45 - Гафуров (Харченко)
1:1 - 06:54 - Черников (Родионов, Иваницкий) ГБ
1:2 - 19:55 - Айтмағамбетов (Шакенов, Шегебаев) ГБ
2:2 - 38:44 - Илияс (Серікболатов)
2:3 - 42:30 - Гафуров (Харченко)
2:4 - 45:20 - Шакенов (Церульников, Мұқашев)
2:5 - 49:59 - Саттар (Мейірман, Кубатаев)
2:6 - 58:30 - Аманғалиев (Церульников, Ломако)
Қақпашылар: Шәріпов (Яговкин, 49:59-60:00) - Кравцов
«Барыс» - «Сұңқар» сериясындағы есеп: 3-0 (3:0, 6:2, 6:2).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar