Астана чемпиондық атағынан айырылды, Кармет жартылай финалға шықты, Ақтөбе Алматыға қарсы серияға қайта оралды, Жас Батыр плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

23 aqpan
800

Елорда мен батыста өтіп жатқан Jastar Ligasy ширек финал серияларының матчтарын бақылаймыз.

«Кармет» «Астананы» қатарынан үшінші рет жеңіп, чемпионаттың жартылай финалына жолдама алды. Теміртаулықтарға жеңіс әкелген – Жандос Нұрбеков, Никита Соколов және елордалықтардың бос қақпасын дәл көздеген Никита Рублёвтің шайбалары. Алексей Зюзин 19 сейв жасады.

Максим Худяковтың шәкірттері бұған дейін тұрақты чемпионатты жеңіп, төрт матчтың қорытындысы бойынша екінші кезеңге өтті. Ал елдің қазіргі чемпионы үшін бұл маусым аяқталды.

«Астана» - «Кармет» 0:3 (0:0, 0:1, 0:2)

0:1 - 39:25 - Нурбеков (Алтухов, Нурканов)

0:2 - 43:11 - Соколов (Лигай, Калкабек) ГБ

0:3 - 59:03 - Рублёв ПВ

Қақпашылар: Есен - Зюзин

«Кармет» - «Астана» сериясындағы есеп: 3-1 (0:2, 6:0, 7:3, 3:0).

«Ақтөбе» мен «Алматы» арасындағы үшінші кездесуде жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Өз алаңында екі рет жеңіліп, турнирден шығып қалу қаупінде тұрған «Ақтөбе» сырт алаңда овертаймда басым түсті. Жеңіс голын артық құрамда дубль авторы Ярослав Герасимов соқты. Қонақтар сапынан Ярослав Челбаевский серіктестеріне екі нәтижелі пас берді. Қақпашылар Александр Павлов пен Максим Дубович 45 соққыдан қайтарды. Осылайша батысқазақстандықтар сериядағы айырманы минимумға дейін қысқартты.

«Алматы» - «Ақтөбе» 2:3 ОТ (2:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 00:50 - Ырыс (Шевченко) ГМ

1:1 - 14:40 - Герасимов (Зубарев, Челбаевский)

2:1 - 17:10 - Шевченко (Марат, Манажанов)

2:2 - 21:25 - Болат (Шипулин)

2:3 - 69:59 - Герасимов (Шипулин, Челбаевский) ГБ

Қақпашылар: Павлов - Дубович

«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-2 (2:3, 1:3, 3:2 ОТ).

«Торпедо» мен «Жас Батыр» әзірге ең нәтижелі ширек финал сериясын көрсетіп жатыр. Бұл текетірес бүгін кем дегенде тағы бір матчқа созылды. Атыраулықтар өз алаңында қарсылас қарсылығын еңсеріп, осы плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелері сапында Тигран Базунц дубль авторы атанды, ал Кирилл Юдин өз есебіне 4 (1+3) ұпай жазды.

«Жас Батыр» - «Торпедо» 7:5 (2:2, 2:0, 3:3)

1:0 - 01:37 - Конрадий (Шарапов, Чокпаров)

1:1 - 03:04 - Ануфриев (Сағымбаев)

1:2 - 12:23 - Якушкин (Сенько)

2:2 - 13:55 - Бабичев (Абдашимов, Юдин) ГБ

3:2 - 25:52 - Юдин (Бабичев) ГБ

4:2 - 32:55 - Базунц (Любченко, Юдин)

4:3 - 40:53 - Худяков (Челюк)

5:3 - 42:29 - Базунц (Любченко, Польский)

5:4 - 50:16 - Сагымбаев (Челюк)

6:4 - 51:19 - Любченко (Польский)

6:5 - 57:44 - Карпов (Худяков)

7:5 - 59:38 - Бекбаев (Юдин)

Қақпашылар: Еркінов - Грохотов

«Торпедо» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 2-1 (8:2, 7:4, 5:7).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.