Қазақстан жастар хоккей чемпионатының ½ финалындағы жұптармен танысайық.
«Барыс» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 2-орын) – «Торпедо» (4)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:0, 3:1, 0:3, 4:1.
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Леонид Шакенов (3 балл, 0+3) – Роман Худяков (2 балл, 2+0).
¼ финалдың нәтижелері: «Сұңқармен»серияда 3-0 - «Жас Батырмен» серияда 3-1.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 15/4 – 24/15.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Леонид Шакенов (5 балл, 3+2) – Данил Челюк (10 балл, 4+6).
Маусымдағы өзара кездесулерде «Барыс» төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті, алайда «Торпедоның» еншісінде бір «құрғақ» жеңіс бар.
Өскемендік команда плей-оффтың алғашқы кезеңінде ең нәтижелі ойын көрсетті, бірақ сонымен қатар жартылай финалға шыққан командалар арасында ең көп шайба жіберген ұжым атанды.
¼ финал қорытындысы бойынша үздік бес бомбардирдің төртеуі «Торпедо» сапында өнер көрсетеді. Данил Челюк қазіргі плей-оффтың ең «пайдалы» ойыншысы (+11) болып отыр.
Марат Сағымбаев (3+6) — биылғы кубок кезеңіндегі ең нәтижелі қорғаушы.
Ал «Барыс» «Сұңқармен» текетіресте небәрі 4 шайба жіберді — бұл плей-офф қатысушылары арасындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған қақпашы Леонид Кравцовтың сенімді ойыны көп септігін тигізді. Ол екі негізгі көрсеткіш бойынша өз позициясында көш бастап тұр: сенімділік коэффициенті (1,0) және тойтарылған соққылар пайызы (96,5).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr