Қазақстан жастар хоккей чемпионатының ½ финалына шыққан командалар жұптарымен танысайық.
«Кармет» (1) – «Алматы» (6)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:1, 6:1, 2:0, 6:1.
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Никита Рублёв (7 балл, 2+5) – Бекнур Ырыс (2 балл, 1+1).
¼ финалдың нәтижелері: «Астанамен» серияда 3-1– «Ақтөбемен» серияда 3-2.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 16/5 – 15/13.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Никита Рублёв (8 балл, 5+3) – Данила Шевченко (6 балл, 3+3).
«Алматы» – плей-оффқа шыққан үздік сегіздіктің төменгі жартысынан жартылай финалға өткен жалғыз команда.
Маусымдағы өзара кездесулердің барлығында жеңіс «Карметтің» еншісінде болды, ал алматылықтар сол ойындарда небәрі үш шайба ғана соқты.
«Кармет» – қазіргі плей-оффтағы ең нәтижелі екінші команда және қорғаныстағы ойыны бойынша да екінші көрсеткішке ие ұжым.
Оңтүстік астана командасының өкілі Александр Павлов тойтарылған соққылар пайызы бойынша қақпашылар арасындағы көшбасшылардың қатарында (94,8%). Ал оның қарсыласы Алексей Зюзин ширек финалда екі рет қақпасын голдан аман сақтап, сенімділік коэффициенті бойынша екінші көрсеткішке ие (1,3).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar