Финал алдында. Барыс – Торпедо

12 sáýir
2045

14 сәуір елордада Jastar Ligasy-ның финалдық сериясы басталады. Қазақстандық жастар хоккейінің бас жүлдесі үшін нұр-сұлтандық «Барыс» пен өскемендік «Торпедо» күресетін болады.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Барыс» ¼ финалда «Мұнайшы» тарапынан аса қатты қарсылық көрген жоқ. Серия төрт кездесумен аяқталды, оның үстіне, матчтардың бірінде ғана павлодарлықтардың қақпасына оннан аз шайба аттанды.

Жартылай финалда Олег Шулаевтың командасы «Барыс-Жастағы» клубтастарымен кездесті. Серия алты кездесуге созылып, олардың екеуі негізгі уақыттан асып кетті. Жартылай финалда «Барыс» шешуші жеңіске буллиттер сериясы бойынша қол жеткізді.

Өскемендіктер ¼ финалда «Қыранды» тырп еткізбеді. «Торпедолықтар» бұл жекпе-жекте қорғанысқа күш салып, бұл тактикасы нәтиже берді. Қарағандылықтар төрт кездесу бойынша небәрі үш шайба салып, маусымды аяқтады.

Жартылай финалда Владимир Беляевтің командасы алты кездесуде «алтын» үшін тартыстан «Ястребы» командасын тайдырды. Оралдық чемпионат дебютанттары өз алаңында екі матчты жақсы ойнап, бұл серияны тартымды ете түсті. Алайда бесінші және алтыншы матчта «Торпедо» қарсыластарды ойсырата жеңіп, финалға шықты.

«Барыс» Нұр-Сұлтан (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-ші орын) - «Торпедо» Өскемен (2)

Плей-оффта салынған шайба: 58 – 50

Плей-оффта өткізілген шайба: 16 – 22

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:1, 2:3 ОТ, 6:1, 1:3

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Игорь Ищенко (15 ұпай, 6+9) – Эрик Алдабергенов (13 ұпай, 8+5)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектің үздік бомбардирі: Алдияр Нұрлан (4 балл, 3+1) – Диас Тютюньков (4 балл, 2+2)

«Барыс» - биылғы плей-оффтың ең нәтижелі және ең аз шайба өткізген командасы.

Плей-оффтың соңғы жеті кездесуінде «торпедолықтар» орта есеппен әр матчта 5.71 гол салып отырды.

«Барыстың» шабуылшысы Игорь Ищенко – плей-оффтағы үшінші бомбардир. Ол «Ястребы» командасындағы бірінші болып келе жатқан Валерий Ницевичтен 10 ұпай артта келе жатыр. «Торпедо» өкілі Эрик Алдабергеновке көшбасшы көрсеткішіне дейін 13 балл жетпейді.