Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының финалдық раундының қатысушыларымен танысайық.
«Кармет» (1) – «Барыс» (2)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:5 ОТ, 3:4 Б, 5:4, 7:2.
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Илья Гареев (6 балл, 4+2) – Таир Бигаринов (4 балл, 2+2).
Ширек финал нәтижелері: «Астанамен»серияда 3-1, «Алматымен» серияда4-0 – «Сұңқармен» серияда 3-0, «Торпедомен» серияда4-0.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 32/9 – 33/10.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Никита Рублёв (12 балл, 9+3) – Амир Гафуров (11 балл, 5+6).
Маусымдағы өзара кездесулерде командалар өз алаңында екі реттен жеңіске жетті, алайда «Кармет» негізгі уақыттан тыс жеңілістер үшін қосымша екі ұпай жинады.
«Барыс» – қазіргі плей-оффтың ең нәтижелі командасы. Сонымен қатар елордалық ұжым екі раунд бойы бірде-бір рет жеңілген жоқ.
«Кармет» – кубоктық кезеңдегі қорғаныстағы ойыны ең сенімді команда. Теміртаулықтарға финалға шығу үшін сегіз матч қажет болды.
«Сары-қаралар» сапындағы Никита Рублёв – осы плей-оффтың екінші үздік бомбардирі. Ал елордалық Амир Гафуров ең нәтижелі ойыншылардың бестігін түйіндейді.
Екі раундтың қорытындысы бойынша «Карметтің» қорғаушысы Эдуард Ольденбургер (0+7) мен «Барыстың» ойыншысы Никита Ломако (2+4) қорғаушы-бомбардирлердің үздік үштігіне кіреді.
Сондай-ақ финалда хоккей жанкүйерлері қақпашылар арасындағы қызықты текетірестің куәсі болады. Теміртаулық Алексей Зюзин плей-оффта барлық сегіз матчта ойнап, төрт рет қақпасын голдан аман сақтады. Ол бір ойынға орта есеппен бір шайбадан жіберіп, соққыларды қайтару көрсеткіші 95,4%-ды құрайды. Ал елордалық қақпашылар Леонид Кравцов (сенімділік коэффициенті – 1,5, сейв пайызы – 94,5%) және Арсений Кучковский (сенімділік коэффициенті – 1,3, сейв пайызы – 94,1%) ойын уақытын шамамен тең бөлісті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar