Даниил Смолянский: «Команда қандай қиындықтарға тап болса да, еңсені түсірмеу керек, алға қарай жылжу керек»

11 naýryz
662

«Арланның» бас бапкері команданың Jastar Ligasy-ның кезекті маусымындағы өнерін қорытындылады.

- Даниил Геннадьевич, өткен маусымға жалпы қандай баға бересіз?

- Менің ойымша, біз маусымды жаман өткізген жоқпыз. Иә, маусымбасындақиындықтарболды. Иә, біздеоқу-жаттығужиындарыболмады, Кубоктіөткізіпалдық, алкомандачемпионатбасталуынанебәрі 3–5 күнқалғандағанажиналды. Дайынемескомандаплей-оффқашығып, бәрінқатарынанжеңебастайдыдеу– ертегі.

- Команданың плей-оффқа шыға алмауына әсер еткен шешуші матчтар қайсы болды?

- Біз үшін барлық ойындар ауыр өтті. Біз тырыстық, мықты қарсыластармен күрестік, бірақ өкінішке қарай, негізгі бәсекелестерге қарсы матчтарда жеңісті жіберіп алдық. Ұпай алуға болатын ойындарда сол ұпайларды беріп қойдық. Көшбасшы командалармен де барымызды салып ойнадық, күрестік, бірақ кей сәттерде физикалық дайындық пен жылдамдық жетіспеді. Құрам жағынан біз жас команданы жинадық. 16 жастағы жігіттер барынша тырысты, соны ерекше атап өткім келеді. Команда маусым барысында біртіндеп бабына келе бастады. Алда әлі де жұмыс істеу керек, еңсені түсірмей, соңына дейін күресу қажет.

- Осы маусымнан кейін жанкүйерлерге не айтқыңыз келеді? Жаңа чемпионатқа дайындық алдында команда қандай қорытындылар шығарды?

- Бүкіл команда атынан жанкүйерлерге бізді қолдап, ойындарға келіп жүргендері үшін алғыс айтқымыз келеді. Бұл біз үшін өте маңызды әрі қуантады. Қорытындылар жасалды. Ең бастысы – қандай жағдай болса да, команда қандай қиындықтарға тап болса да, клуб ішінде еңсені түсірмеу керек, алға қарай жылжу керек. Сонда бәрі өз нәтижесін береді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.