Өскеменде Торпедо мен Алматы арасындағы үш жеңіске дейінгі «қола» сериясының алғашқы матчы өтті.
Қонақтар бастапқы кезеңді сенімді өткізіп, Данила Шевченко мен Айдар Токтасынов дәл соққыларының арқасында есепте алға шықты. Алайда кейін «торпедолықтар» ойынға қайта оралып, Владислав Ануфриев дубль авторы атанды. Нәтижесінде жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды.
Дегенмен овертайм ұзаққа созылған жоқ. 68-минуттың соңына қарай Данил Челюк өскемендіктерге осы текетірестегі алғашқы жеңісті сыйлады.
«Торпедо» - «Алматы» 4:3 ОТ (0:2, 1:0, 2:1, 1:0)
0:1 - 01:48 - Шевченко (Амырканов)
0:2 - 19:17 - Токтасынов (Байков)
1:2 - 33:46 - Ануфриев (Гасников, Худяков)
2:2 - 47:25 - Сагымбаев (Худяков, Гасников)
2:3 - 49:50 - Бабешко
3:3 - 51:03 - Ануфриев (Худяков)
4:3 - 67:34 - Челюк (Худяков)
Қақпашылар: Грохотов - Яковенко
«Торпедо» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-0 (4:3 ОТ)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr