Барыс финалдық серияда алға шықты

14 sáýir
1505

Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясының алғашқы матчында «Барыс» өз алаңында «Торпедоны» жеңді.

Өскемендік ұжым кездесуді сергек бастады, тіпті бірінші кезеңде қарсыласты екі рет састырды. Алайда әрі қарай «Барыс» өз ойын өрнегін тауып, ойыншыларының азайғаны үшін «торпедолықтарда» кеткен есесін қайтарды. Және екінші үзіліске қарай Олег Шулаевтың ұжымы екі шайба алда келе жатты. Қорытынды кезеңде есеп айырмашылығы арта түсті.

Елордалық ұжым финалдық серияны сенімді жеңіспен бастады. Екінші кездесу ертең Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталуы 13:00-де.

«Барыс» - «Торпедо» 7:3 (1:2, 4:0, 2:1)

Сериядағы есеп: 1-0

0:1 – 01:44 – Гавриленко (Подшивалов) ГБ

0:2 – 11:19 – Тютюньков Я. (Комиссаров, Нечаев)

1:2 – 18:03 – Нурлан (Шайхмедденов, Кабатаев) ГБ

2:2 – 24:48 – Никитин (Диханбек,Цыбин) ГБ

3:2 – 32:56 – Шайхмедденов (Александров, Диханбек)

4:2 – 34:50 – Ермак (Нурлан)

5:2 – 36:56 – Уразгалиев (Цыбин)

6:2 – 44:54 – Касенов (Бойко, Сапарбек Д.)

6:3 – 52:24 – Маслеников (Храмов)

7:3 – 53:59 – Александров (Уразгалиев, Шайхмедденов)

Қақпашылар: Калмыков – Осокин (Ершов, 36:56-60:00)