Оңтүстік астанада «Торпедо» мен «Алматы» арасындағы «қола» сериясының үшінші кездесуі өтті.
Үйдегі екі жеңісті матчтан кейін өскемендіктер ісін ұзаққа созбай, ең аз ойын санымен қарсыласты жеңіп шықты. 49-минутқа дейін «Алматы» есепте басымдықты сақтағанымен, матч соңында қонақтар басымдығын көрсетті. Жеңіс шайбасының авторы – Ярослав Сенько. Қақпашы Вадим Грохотов 34 соққыны қайтарды.
Осылайша, «Торпедо» үшінші маусым қатарынан Қазақстан жастар чемпионатының қола медальдарын жеңіп алды. Ал «Алматы» осы плей-офф кезеңін төртінші орынмен аяқтады.
«Алматы» - «Торпедо» 2:5 (0:0, 1:1, 1:4)
1:0 - 21:57 - Рузбакиев (Снытин)
1:1 - 27:19 - Пальмтаг (Челюк, Сағымбаев)
2:1 - 44:33 - Әмірқанов (Шевченко, Марат)
2:2 - 49:32 - Ботищев (Әбденов, Пупков)
2:3 - 53:43 - Сенько (Чалкин, Кентаев)
2:4 - 56:42 - Кентаев (Сенько, Чалкин) ГБ
2:5 - 59:31 - Челюк ПВ
Қақпашылар: Павлов (Колесник (56:42-60:00) - Грохотов
«Торпедо» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-0 (4:3 ОТ, 4:3, 5:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr