Елордада Jastar Ligasy-ның финалдық сериясының төртінші матчы өтті.
«Сары-қаралардың» негізгі серпілісі бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда болды – Тимофей Симонов және Никита Рублёв әрқайсысы артық құрамда гол соқты. Бұл шайбалар ойынның әрі қарайғы барысын айтарлықтай анықтады.
Соңғы кезеңнің ортасында Темирлан Айболұлы бір шайбаның есесін қайтарды, алайда алаң иелері одан артыққа жете алмады. Матч нәтижесін Тимофей Симонов белгіледі – ол «Барыс» қақпасын бос қалдырған сәтте гол соқты. «Кармет» қақпашысы Алексей Зюзин 33 соққыны қайтарды.
Қарсыластар металлургтер қаласына сериядағы 2-2 есебімен оралуда.
«Барыс» - «Кармет» 1:3 (0:2, 0:0, 1:1)
0:1 - 15:27 - Симонов (Ольденбургер, Степанов) ГБ
0:2 - 18:31 - Рублёв (Божко, Степанов) ГБ
1:2 - 51:34 - Айболұлы (Кравченко, Мейірман)
1:3 - 59:00 - Симонов ПВ
Қақпашылар: Мыльников - Зюзин
«Кармет» - «Барыс» сериясындағы есеп: 2-2 (3:1, 1:2 ОТ, 4:6, 3:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr