Металлургтер қаласы Jastar Ligasy финалдық сериясының бесінші матчын қабылдады.
«Кармет» қорғаныста өте сенімді ойнап, астаналық қарсыластарына Алексей Зюзиннің қақпасын дәл көздеуге мүмкіндік бермеді. Қақпашы матч қорытындысында 29 сейв жасады. Кездесудің басты кейіпкері «сары-қаралардың» шабуылшысы Тимофей Симонов болды — ол дубль авторы атанып, жалпы командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты.
Максим Худяковтың шәкірттері төрт жеңіске дейінгі серияда үшінші рет басым түсті. Jastar Ligasy шешуші жекпе-жегінің алтыншы матчы 29 наурыз күні елордада өтеді.
«Кармет» - «Барыс» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 21:27 - Рублёв (Симонов, Божко) ГБ
2:0 - 23:22 - Симонов (Рублёв)
3:0 - 58:07 - Симонов (Божко) ГМ
Қақпашылар: Зюзин - Кучковский
«Кармет» - «Барыс» сериясындағы есеп: 3-2 (3:1, 1:2 ОТ, 4:6, 3:1, 3:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr