Астанада «Кармет» пен «Барыс» арасындағы финалдық серияның алтыншы матчы өтті.
Бастапқы кезеңде елордалық ұжым ереже бұзумен жиі көзге түсіп, соның салдарынан бірден 10 минут айып уақытына ие болды. Мұны «Кармет» тиімді пайдаланып, екі басымдықты голға айналдырды – Виталий Божко мен Илья Гареев мергендер қатарына қосылды. Осы екі голдың арасында Әлішер Аманғалиев те шайба соқты. Екінші кезеңде Данил Дронов артық құрамды сәтті пайдаланып, есепті өзгертті.
Қорытынды кезеңде шайба соғылған жоқ. Нәтижесінде командаларды киім ауыстыратын бөлмеге дәл сол Аманғалиев жіберді – ол матчтың 71-минутында нысананы дәл көздеп, дубль авторы атанды. Осылайша, 2025/26 жылғы Jastar Ligasy маусымының чемпионы 1 сәуір күні Теміртауда өтетін шешуші жетінші ойында анықталады.
«Барыс» - «Кармет» 3:2 ОТ (1:2, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 08:20 - Божко (Ольденбургер) ГБ
1:1 - 18:13 - Аманғалиев (Шакенов, Дронов)
1:2 - 19:18 - Гареев (Қалкабек, Лигай) ГБ
2:2 - 37:31 - Дронов (Мейірман, Гафуров) ГБ
3:2 - 70:14 - Аманғалиев
Қақпашылар: Мыльников - Зюзин
«Кармет» - «Барыс» сериясындағы есеп: 3-3 (3:1, 1:2 ОТ, 4:6, 3:1, 3:0, 2:3 ОТ)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr