Филиппенко салған дубль Барысқа финалда екінші жеңісті сыйлады

15 sáýir
1540

Қазақстан жастар чемпионаты финалдық сериясының «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы екінші матчында тағы да елордалық хоккейшілер басым түсті.

«Барыс» кездесудің басында-ақ есеп ашты: Станислав Филиппенко алаң иелерінің қарсы шабуылы нәтижесінде көзге түсті. Алайда үзіліске дейін таблодағы есеп теңесті. «Торпедолықтардың» «5-ке 3» форматындағы ойынында Иван Гавриленко гол салды.

Екінші кезеңде командалар тағы да үш нәтижелі шабуыл жасады. Елордалық ұжымның құрамында Игорь Ищенко мен Санжар Оразғалиев көзге түсті. Қонақтар бұған Эрик Алдабергеннің дөп салған соққысымен жауап берді.

Қорытынды кезеңде Олег Шулаевтың командасы өзінің үстемдігін нығайта алды. Филиппенко дубль жасап, Кирилл Никитин тағы да гол салды. «Торпедо» құрамынан дубль Эрик Алдабергеновке тиесілі.

Командалар Өскеменге «Барыстың» пайдасына шешілген сериядағы 2-0 есебімен аттанады. Финалдың кезекті кездесулері 18 және 19 сәуірде өтеді.

«Барыс» - «Торпедо» 5:3 (1:1, 2:1, 2:1)

Сериядағы есеп: 2-0

1:0 – 03:23 – Филиппенко (Диханбек, Сапарбек Д.)

1:1 – 15:00 – Гавриленко (Кизекпаев, Алдабергенов) ГБ +2

2:1 – 27:15 – Ищенко (Никитин, Нурлан)

3:1 – 32:55 – Уразгалиев (Александров, Филиппенко)

3:2 – 35:30 – Алдабергенов (Подшивалов)

4:2 – 41:47 – Никитин (Нурлан)

4:3 – 42:48 – Алдабергенов (Омельковец)

5:3 – 55:33 – Филиппенко (Александров, Ищенко)

Қақпашылар: Калмыков – Осокин