Ястребы Jastar Ligasy-ның қола медальдарымен марапатталды

16 sáýir
1123

Бүгін Оралда Қазақстан жастар чемпионатының қола жүлдегерлерін марапаттау болып өтті. Алғаш қатысқан маусымында-ақ «Ястребы» командасы үшінші орын алды.

Еске сала кетейік, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Ринат Омарбековтің ұжымы 36 кездесуде 27 рет жеңіске жетіп, үшінші орынды иеленді. Ширек финалда «Ястребы» бес матч барысында көкшетаулық «Арланды» плей-оффтан ығыстырды. Алайда әрі қарай оралдықтардың жолына өскемендік «Торпедо» тұрды. Осы екі ұжым арасындағы жартылай финалдық серия алты кездесуге созылды.

Осылайша, «Ястребы» Jastar Ligasy-ның қола жүлдегері атанды. Айтып өтетін жайт, плей-оффта 25 (9+16) балл жинаған оралдықтардың шабуылшысы Валерий Ницевич кубоктық раундтың үздік бомбардирі атанды.