Барыс – Jastar Ligasy жеңімпазы

19 sáýir
1503

Қазақстан жастар чемпионаты финалының төртінші жекпе-жегінде «Барыс» «Торпедомен» итжығыс ойында жеңіске жетті және екінші жыл қатарынан Jastar Ligasy-ның алтын медальдарын иеленіп отыр.

Кездесудің негізгі жайттары бірінші кезеңде-ақ орын алып, көрермен салынған үш шайбаны тамашалады. Елордалық ұжым Станислав Филиппенко мен Игорь Ищенко дөп салған соққылардың арқасында үстемдікке ие болды. Алаң иелері бұған Сергей Стальмаковтың нәтижелі соққысымен жауап берді.

Үшінші кезең аяқталуға сәл қалғанда, Диас Тютюньков өскемендік жанкүйерлерге үміт сыйлады. Алайда аз уақыт өте салысымен Ансар Шайхмедденов жеке-дара бұзып өтіп, шайбаны қақпаға аттандырды. Осылайша, өз командасына сериядағы шешуші жеңісті сыйлады.

«Барыс» қатарынан екінші жыл Қазақстан жастар чемпионатының жеңімпазы атанып отыр. «Торпедо» Jastar Ligasy-ның күміс медальдарын иеленді.

«Торпедо» - «Барыс» 2:3 (1:2, 0:0, 1:1)

Сериядағы есеп: 0-4

0:1 – 12:36 – Филиппенко

1:1 – 15:54 – Стальмаков (Тимофеев, Тютюньков Я.)

1:2 – 17:25 – Ищенко (Касенов, Александров)

2:2 – 57:18 – Тютюньков Д. (Омельковец)

2:3 – 58:05 – Шайхмедденов (Нурлан)

Қақпашылар: Осокин – Калмыков