Павлодар, Теміртау және Түркістан қалаларында Қазақстан Жастар кубогі додасының топтық кезеңі аяқталды.
«Кармет» (Q1), «Торпедо» (Q2) және «Барыс» (Q3) өз топтарында бірінші орын алды. Командаларды бөлу турнир регламентінің 5-бөлім, 5.1-тарау, 2-баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілді. Бұл ретте «Барысқа» А тобында соңғы орын алған «Мұнайшыға» қарсы матчтың нәтижесі есепке алынбады.
Жартылай финалдағы төртінші жолдаманы сол тармаққа сәйкес «Астанамен» сырттай бәсекеде жеңіске жеткен «Алматы» иеленді. Өз тобында екінші орын алған «Сұңқар» негізгі уақыттағы жеңістер саны бойынша қарсыласынан кем түсті.
Осылайша, жартылай финалда «Кармет» пен «Алматы», сондай-ақ «Торпедо» мен «Барыс» кездеседі. Матчтар 2 қыркүйекте Теміртауда өтеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar