Металлургтер қаласында Қазақстан жастар кубогінің екінші жартылай финалдық матчы өтті.
«Кармет» пен «Алматы» арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Негізгі уақытта командалар сан басымдығында бір-бір шайбадан соқты. «Сары-қаралар» сапында Никита Рублёв мергендік сериясын төрт матчқа дейін ұзартты. Оған оңтүстік астанадан келген қонақтар Павел Татаринцевтің шайбасымен жауап берді.
Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, теміртаулықтар дәлірек болды. Шешуші буллиттің авторы Максим Песегов атанды. Кубок финалында Максим Худяковтың шәкірттері өздерінің басты қарсыласы – Астананың «Барысымен» кездеседі.
«Кармет» - «Алматы» 2:1 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 18:06 - Рублёв (Божко, Ольденбургер) ГБ
1:1 - 26:13 - Татаринцев (Катасонов, Бақыт) ГБ
2:1 - 65:00 - Песегов ПБ
Қақпашылар: Илларионов - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar