Кармет өз тарихында алғаш рет Қазақстан жастар кубогін жеңіп алды

3 qyrkúıek
273

Шешуші матчта Жастар лигасының өткен маусымдағы финалистері – «Кармет» пен «Барыс» командалары Қазақстан жастар кубогінің жеңімпазын анықтады.

Бұл кездесуде тәртіп мәселесі басты рөл атқарды. Екінші кезеңнің өзінде елордалық команда 31 минут айып уақытына ие болды. Мұны «сары-қаралар» пайдаланбай қала алмады. «Кармет» үш рет басым құрамды сәтті пайдаланып, шешуші басымдыққа қол жеткізді. Бір сәтте айырмашылық бар болғаны бір шайбаға дейін қысқарғанымен, Максим Худяковтың шәкірттері бұл жолы жеңісті уысынан шығармады. Гол авторлары – Эдуард Ольденбургер, Никита Рублёв (дубль), Никита Маринин және қарсыластың бос қақпасын дәл көздеген Максим Песегов.

Осылайша, «Кармет» өз тарихында алғаш рет Қазақстан жастар кубогінің жеңімпазы атанды

«Кармет» - «Барыс» 5:2 (0:0, 3:1, 2:1)

1:0 - 22:31 - Ольденбургер (Дурглишвили, Рублёв) ГБ

1:1 - 28:22 - Тілеубаев ГМ

2:1 - 30:23 - Рублёв (Дурглишвили, Маринин) ГБ

3:1 - 32:00 - Маринин (Алтухов, Нурканов) ГБ

3:2 - 47:00 - Аманғалиев (Крутский, Имашев)

4:2 - 47:19 - Рублёв (Божко)

5:2 - 59:17 - Песегов (Саруарбек) ПВ

Қақпашылар: Илларионов - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.