ҚХФ Республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2026–27 жылғы Қазақстан жастар чемпионатының күнтізбесін ұсынды.
Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жүлделерін «Барыс», «Кармет», «Торпедо», «Алматы», «Ақтөбе», «Жас Батыр», «Сұңқар», «Астана», «Turan Tigers», «Құлагер», «Арлан», «Мұнайшы» және «Горняк» командалары сарапқа салады. Күнтізбені әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамалары қатысатын жарыстар да ескерілді.
Тұрақты чемпионат 8 қыркүйекте Орал мен Ақтөбеде өтетін екі матчпен басталады. Оралда «Сұңқар» «Тұран Тайгерс» командасын қабылдаса, Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» «Жас Батырмен» Батыс дербиі аясындағы кезекті кездесуін өткізеді. 9 қыркүйекте жанкүйерлерді төрт тартысты матч күтеді. Рудныйда «Горняк» пен «Барыс», Павлодарда «Мұнайшы» мен «Құлагер», Өскеменде «Торпедо» мен «Арлан», ал Теміртауда «Кармет» пен «Астана» кездеседі. «Алматы» жаңа чемпионаттағы алғашқы матчын 12 қыркүйекте Оралда өткізеді.
Тұрақты чемпионат аясында әр команда 48 матчтан өткізеді. Оның қорытындысы бойынша үздік сегіз команда плей-офф кезеңінде жүлделер үшін күресін жалғастырады.
Күнтізбенің қыркүйек–желтоқсан айларына арналған алғашқы бөлігін сілтеме арқылы табуға болады. Қалған айлардың ойын кестесі алдағы уақытта жасалады. Барлық матчтар біздің ресурстың тиісті бөлімінде қолжетімді болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar