Қазақстан жастар чемпионатының Ақтөбе, Орал және Теміртаудағы матчтарын бақылайық.
«Жас Батыр» алғашқы кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында Ақтөбеде сенімді қарымта жеңіске жетті. Атыраулықтар сапында Ибрагим Абдрахманов пен Ярослав Гусаков географиялық көршілерінің қақпасын екі реттен дәл көздеді. Әмір Бағытжанов 5 (1+4) ұпай жинады.
«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 4:7 (0:3, 3:3, 1:1)
0:1 - 00:46 - Бабешко (Забурдяев, Әбдірахманов)
0:2 - 06:06 - Гусаков (Секербай, Бағытжанов) ГБ
0:3 - 15:09 - Әбдірахманов (Бағытжанов) ГМ
1:3 - 20:59 - Петрученя (Потапов, Артамонов)
2:3 - 21:59 - Зубарев (Жұмажан, Қадылбеков) ГБ
2:4 - 23:52 - Әбдірахманов (Секербай, Бағытжанов)
3:4 - 25:02 - Каденов (Петрученя, Артамонов)
3:5 - 27:14 - Чокпаров (Бабешко, Забурдяев)
3:6 - 32:45 - Бағытжанов (Чокпаров)
4:6 - 48:53 - Потапов (Сахи, Артамонов) ГБ
4:7 - 57:54 - Гусаков (Секербай, Бағытжанов) ГБ
Қақпашылар: Шпигун (Сапарғалиев, 27:14-60:00) - Аманғали
«Сұңқар» Түркістанның «жолбарыстарын» екінші рет жеңіп, кем дегенде ертеңгі ойын күні аяқталғанша лига турнир кестесінің көшін бастады. Оралдықтарға жеңіс әкелген дәл соққылардың авторлары – Лев Крицин мен Тимур Макаринцев. Игнат Яговкин 25 сейв жасады.
«Сұңқар» - «Тұран Тайгерс» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)
1:0 - 01:36 - Костенко (Стратинский)
1:1 - 03:44 - Даулеталиев (Нұрлан)
2:1 - 19:12 - Крицин (Михеев, Черников) ГБ
3:1 - 22:33 - Крицин (Михеев, Черников) ГБ
4:1 - 31:09 - Феоктистов (Богайчук, Чудинович)
5:1 - 43:31 - Макаринцев (Стратинский, Костенко)
6:1 - 48:38 - Макаринцев (Богайчук, Родионов) ГБ
Қақпашылар: Яговкин - Мельников
Жастар кубогінің қазіргі чемпионы «Кармет» «Астанамен» кездесу барысында екі рет есепте артта қалды. Дегенмен Максим Худяковтың шәкірттері жеңілістен құтылып қана қоймай, Максим Песеговтың көпшілік құрамдағы басымдықты пайдаланған голының арқасында жеңісті жұлып алды. Песегов финалдық сиренаға 61 секунд қалғанда дубльін рәсімдеді
«Кармет» - «Астана» 3:2 (1:2, 1:0, 1:0)
0:1 - 11:27 - Аяпбергенов (Невдах, Джаукпаров)
1:1 - 16:24 - Дәулетбек (Песегов)
1:2 - 18:48 - Валиханов (Шевченко, Дровосеков)
2:2 - 21:15 - Песегов (Дәулетбек, Быков) ГБ
3:2 - 58:59 - Песегов (Маринин, Быков) ГБ
Қақпашылар: Илларионов - Есен
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar