Еліміздің жастар чемпионаты Қазақстанның батысындағы кездесулермен жалғасуда.
«Тұран Тайгерс» командасы сырт алаңдағы сапарын «Ақтөбені» сенімді түрде жеңумен жалғастырды. Түркістандықтарға жеңісті нәтижелі өткен үшінші кезең әкелді. Қонақтар сапында Нариман Амангелді, Дулат Дәулетәлиев, Сұбханберді Рахматуллаев, Максим Полторанин және Глеб Мартынов шайба соқты. «Тайгерс» қақпашысы Абылайхан Сүлейменовтің еншісінде 32 сейв бар.
«Ақтөбе» - «Тұран Тайгерс» 1:5 (0:0, 1:2, 0:3)
0:1 - 22:30 - Амангелді
1:1 - 28:16 - Иса (Жандосұлы)
1:2 - 29:19 - Даулетәлиев (Рахматуллаев, Бурабай)
1:3 - 45:43 - Рахматуллаев (Даулетәлиев, Бурабай)
1:4 - 47:13 - Полторанин
1:5 - 53:46 - Мартынов (Ержигит, Полторанин)
Қақпашылар: Шпигун (Сапаргалиев, 47:13-60:00) - Төлеубай
«Алматы» тұрақты чемпионаттағы алғашқы матчында-ақ жеңіске жетті. Бүгін Александр Павлов «Сұңқарға» гол соғуға мүмкіндік бермеді – қонақтар қақпашысының еншісінде 41 сейв бар. Алаңдағы ойыншылар Ярослав Сенько, Артур Шмидт, Айдар Тоқтасынов және Матфей Катасонов қақпашыға голдарымен қолдау көрсетті.
«Сұңқар» - «Алматы» 0:4 (0:2, 0:1, 0:1)
0:1 - 05:26 - Сенько (Тоқтасынов)
0:2 - 06:54 - Шмидт (Отоудинов, Рузбакиев)
0:3 - 36:13 - Тоқтасынов (Катасонов) ГМ
0:4 - 59:37 - Катасонов (Бақыт, Татаринцев)
Қақпашылар: Яговкин - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar