Айтмағамбетовтың покері Барысқа елордалық тартыста жеңіс әкелді, Тұран мен Алматы сырт алаңдағы жеңісті сериясын жалғастырды

13 qyrkúıek
192

Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында өтіп жатқан ел біріншілігінің жастар чемпионаты матчтарын бақылаймыз.

Кезекті елордалық тартыста көрермен 13 шайба көрді. Бұл текетіресте «Барыс» ойыншылары сәл дәлірек болып, чемпионат басталғалы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесудің қаһарманы алаң иелерінің шабуыл көшбасшысы Нұрали Айтмағамбетов болды – ол покер жасады. Святослав Харченконың еншісінде екі гол бар. Ал «Астана» сапында Абдуррахим Қыдырбай 4 (2+2) ұпай жинады.

«Барыс» - «Астана» 7:6 (2:1, 3:2, 2:3)

1:0 - 04:15 - Харченко (Ибрагим, Гафуров)

1:1 - 14:18 - Қыдырбай (Тагнер, Оразғали)

2:1 - 15:18 - Айтмағамбетов (Лесничий, Саттар)

3:1 - 31:03 - Харченко (Аманғалиев, Гафуров)

3:2 - 33:38 - Оразғали (Қыдырбай, Жұмаділдинов)

4:2 - 34:36 - Айтмағамбетов (Аманғалиев)

4:3 - 35:46 - Қыдырбай (Дровосеков)

5:3 - 38:20 - Айтмағамбетов (Харченко, Куминов)

5:4 - 41:35 - Тагнер (Жұмаділдинов, Дровосеков)

5:5 - 42:27 - Невдах (Аяпбергенов, Сарсикеев)

6:5 - 47:22 - Тілеубаев (Елдес, Айтмағамбетов) ГБ

7:5 - 51:55 - Айтмағамбетов (Ибрагим, Тілеубаев) ГБ

7:6 - 54:29 - Жұмаділдинов (Шевченко, Қыдырбай) ГБ

Қақпашылар: Лыткин (Кравцов, 41:35-60:00) - Есен (Теплов, 51:55-59:45)

«Тұран» Ақтөбеде екінші жеңісіне қол жеткізді. Түркістандықтарға Нариман Амангелді мен Кирилл Козловтың дубльдері, сондай-ақ 35 соққыны қайтарған қақпашы Абылайхан Төлеубайдың сенімді ойыны жеңіс әкелді.

«Ақтөбе» - «Тұран Тайгерс» 3:7 (0:1, 0:2, 3:4)

0:1 - 02:33 - Козлов (Мартынов)

0:2 - 30:56 - Амангелді (Болат, Бурабай)

0:3 - 39:03 - Козлов (Чекалин, Нурлан)

1:3 - 45:19 - Досмағанбет (Липский)

1:4 - 49:40 - Амангелді (Болат, Обидин)

2:4 - 51:49 - Жандосұлы (Зубарев, Росхрест)

2:5 - 53:45 - Болат (Нұрлан, Амангелді)

2:6 - 54:04 - Мартынов (Полторанин)

3:6 - 58:31 - Қадылбеков (Сахи)

3:7 - 59:17 - Ержігіт (Козлов, Мартынов)

Қақпашылар: Сапарғалиев - Төлеубай

«Алматы» Оралдан 4 ұпаймен оралды. Бүгін оңтүстік астана командасы қарсылас қақпасына 6 шайба соқты. Матфей Катасонов пен Ярослав Сенько екі шайбадан соқты. Александр Павлов қақпаға бағытталған 26 соққыны қайтарды.

«Сұңқар» - «Алматы» 2:6 (0:2, 1:1, 1:3)

0:1 - 00:44 - Тоқтасынов (Казачков)

0:2 - 13:32 - Сенько (Бақыт, Татаринцев) ГБ

1:2 - 21:12 - Михеев (Феоктистов)

1:3 - 37:49 - Катасонов (Бақыт)

1:4 - 48:39 - Катасонов (Корсаков)

1:5 - 52:54 - Сенько (Тоқтасынов) ГМ

2:5 - 54:44 - Родионов (Крицин, Михеев) ГБ

2:6 - 58:49 - Бақыт (Катасонов)

Қақпашылар: Яговкин (Климов, 48:39-58:11, 58:49- 0:00) - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.