Жас Батыр Рудныйда тағы да жеңіске жетті, Барыс ұпай жоғалтпай келеді

14 qyrkúıek
190

Рудный мен Астанада Қазақстан жастар чемпионатының қарымта матчтары өтті.

«Горнякқа» қарсы қарымта кездесуде «Жас Батыр» алғашқы кезеңді өте қарқынды бастады. Бірінші үзіліске дейін алаң иелерінің қақпасына бес шайба соғылды. Кейін қонақтар осы басымдықты сақтап қалды. Марк Забурдяев дубль жасаса, Никита Польский бомбардирлік қоржынына 4 (1+3) ұпай жазды.

«Горняк» - «Жас Батыр» 1:6 (1:5, 0:1, 0:0)

0:1 - 01:30 - Польский (Забурдяев, Бабешко)

0:2 - 05:44 - Забурдяев (Польский, Бабешко)

0:3 - 08:12 - Секербай (Гусаков, Бағытжанов)

0:4 - 10:30 - Забурдяев (Польский) ГБ

1:4 - 14:01 - Жұмагелдиев (Михальченко, Жумагалиев) ГБ

1:5 - 18:46 - Бабешко (Польский, Әбдірахманов)

1:6 - 24:24 - Қуанов (Конрадий, Бекбаев)

Қақпашылар: Шинковский - Еркинов (Наместников, 50:23-60:00)

«Барыс» «Астанаға» қарсы екінші матчта да қателікке жол бермеді. Қазіргі чемпион қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпионат көшбасшыларының қатарында келеді. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Амир Гафуров (2+2) болды. Алаң иелері сапында Леонид Шакенов та екі шайба соқты. Ильхён Тен серіктестеріне үш нәтижелі пас берді.

«Барыс» - «Астана» 7:2 (3:0, 2:1, 2:1)

1:0 - 09:14 - Кайыржан (Гафуров, Тен) ГБ

2:0 - 15:58 - Гафуров (Амангалиев, Тен)

3:0 - 18:41 - Аманғалиев (Харченко, Гафуров)

4:0 - 28:07 - Тілеубаев ГМ

5:0 - 35:35 - Шакенов ШБ

5:1 - 36:38 - Аділгереев (Кавкитаев)

6:1 - 42:05 - Шакенов (Айтмағамбетов, Елдес)

6:2 - 44:37 - Валиханов (Дровосеков, Шевченко) ГБ

7:2 - 44:55 - Гафуров (Тен, Толстунов)

Қақпашылар: Кравцов (Кучковский, 50:22-60:00) - Есен (Теплов, 40:00-59:49)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.