Астана мен Петропавлда өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын назарда ұстаймыз.
Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Барыс» «Жас Батырға» қарсы кездесуде сүрінбей, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Жеңімпаздар сапында Әлішер Аманғалиев дубль авторы атанса, алаң иелерінің төрт нәтижелі шабуылына Әмір Ғафуров (1+3) қатысты. Елордалық ұжым үшін бұл маусымдағы бесінші жеңіс болды.
«Барыс» - «Жас Батыр» 7:2 (3:1, 2:0, 2:1)
1:0 - 00:27 - Аманғалиев (Харченко, Гафуров)
2:0 - 10:09 - Толстунов (Гафуров, Тен)
2:1 - 10:43 - Секербай (Гусаков)
3:1 - 19:49 - Гафуров (Аманғалиев, Толстунов)
4:1 - 24:05 - Задорожный (Калина, Лесничий)
5:1 - 25:19 - Коротков (Елдес, Кубатаев)
6:1 - 49:30 - Аманғалиев (Гафуров, Харченко)
7:1 - 50:10 - Алдоңғар (Кубатаев, Лесничий)
7:2 - 58:08 - Польский (Чокпаров)
Қақпашылар: Кравцов - Еркінов (Аманғали, 25:19-60:00)
«Кулагер» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу тартысты өтті. Петропавлдықтар бір сәтте екі шайба айырмасымен алда болғанымен, қонақтар есепті теңестіріп қана қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып алды. Шешуші шайбаның авторы Ерасыл Досмағамбет атанды. Солтүстікқазақстандықтар сапында Мақсат Ілияс дубль жасады.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:4 (1:0, 2:2, 0:2)
1:0 - 02:20 - Гридчин (Маринов, Кудьяров)
1:1 - 22:35 - Сахи (Қаршығаев, Зубарев)
2:1 - 33:45 - Илияс (Серікболатов) ГБ
3:1 - 34:50 - Илияс (Еркенұлы, Спиридонов)
3:2 - 37:08 - Иса (Новиков)
3:3 - 41:42 - Зубарев (Қаршығаев) ГБ
3:4 - 51:16 - Досмағанбет (Иса)
Қақпашылар: Чертков - Сапарғалиев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Almaty
Barys
Qarmet
Torpedo
Jas Batyr