Көкшетауда 10 шайба, Астананың алғашқы жеңісі, Кармет Мұнайшы қақпасына жауапсыз 13 шайба салды

18 qyrkúıek
202

Көкшетау, Астана, Теміртау және Түркістанда өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын назарда ұстаймыз.

«Арлан» мен «Сұңқар» арасындағы кездесу өте нәтижелі өтті – қос команда 10 шайба соқты. Мұндай тартысты ойында оралдықтар дәлірек болып, әр кезеңде екі голдан соқты. Лев Крицин дубль жасаса, Михаил Черников әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Көкшетаулықтар сапында Батраз Алборов екі шайба соқты.

«Арлан» - «Сұңқар» 4:6 (1:2, 1:2, 2:2)

1:0 - 13:35 - Акименко (Гусаров)

1:1 - 18:04 - Крицин (Чудинович, Черников)

1:2 - 19:10 - Денисенко (Богайчук, Стратинский)

1:3 - 25:44 - Маликов (Стратинский, Михеев)

1:4 - 36:31 - Әуезбай (Крицин) ГБ

2:4 - 39:11 - Алборов (Тукин) ГБ

2:5 - 45:54 - Чудинович (Черников)

3:5 - 55:30 - Алборов

4:5 - 56:45 - Асқатұлы (Ерес)

4:6 - 59:02 - Крицин (Черников)

Қақпашылар: Байдек - Яговкин

«Астана» мен «Алматы» арасындағы қарымта кездесу де аса нәтижелі болмады. Екінші кезеңнің басында Богдан Дровосеков сан басымдығын пайдаланып, шайба соқты. Бұл шайба кездесудегі шешуші гол болды. Осылайша, елордалықтар биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 44 соққыны қайтарған Айнарбек Есен маусымда алғаш рет қақпасына шайба жібермеді.

«Астана» - «Алматы» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 20:58 - Дровосеков (Қыдырбай) ГБ

Қақпашылар: Есен - Павлов

«Мунайшы» тағы да «Карметке» қарсы тұрарлық ойын көрсете алмады. Павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз 13 шайба соғылды. Мәди Нұрқанов хет-трик жасаса, Илья Гареев пен Ілияс Дәулетбек қарсылас қақпасын екі реттен дәл көздеді. Алмас Айтқожа 4 (1+3) ұпай жинады.

«Кармет» - «Мунайшы» 13:0 (2:0, 6:0, 5:0)

1:0 - 02:59 - Айтқожа (Нұрқанов)

2:0 - 18:41 - Нұрқанов (Золкин, Нурканов)

3:0 - 24:18 - Дәулетбек (Кошеляев, Маринин)

4:0 - 25:08 - Нұрқанов (Нұрбеков, Айтқожа)

5:0 - 27:30 - Гареев (Сторчак, Давлетшин)

6:0 - 28:39 - Стариненко (Рублёв, Марат)

7:0 - 37:54 - Нұрқанов (Марат, Айтқожа)

8:0 - 39:33 - Дәулетбек (Нұрбеков, Маринин)

9:0 - 41:10 - Гареев (Давлетшин, Сторчак)

10:0 - 42:03 - Рублёв (Қалқабек, Стариненко)

11:0 - 49:08 - Сторчак (Гареев, Алтухов)

12:0 - 54:52 - Нұрбеков (Нұрқанов, Айтқожа)

13:0 - 56:28 - Алтухов (Давлетшин, Гареев)

Қақпашылар: Золкин - Тасболат (Пушков, 27:30-54:52)

«Торпедо» Түркістанда «жолбарыстардан» басым түсті. Қонақтар үшін екінші жиырма минуттық кезең әсіресе сәтті өтті. Артём Ботищев үш гол соқса, Руслан Пальмтаг әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Өскемендік команданың қақпашысы Давид Зиновьев қақпаға бағытталған 40 соққыны қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Торпедо» 2:5 (0:0, 1:3, 1:2)

1:0 - 28:12 - Амангелді (Болат)

1:1 - 28:26 - Ботищев (Якушкин) ГБ

1:2 - 35:56 - Ботищев (Пальмтаг, Пупков)

1:3 - 38:02 - Челюк (Трегубов, Кентаев)

1:4 - 43:42 - Худяков (Пальмтаг, Якушкин)

2:4 - 45:48 - Полторанин (Мартынов, Чекалин) ГБ

2:5 - 50:07 - Ботищев (Кентаев, Пальмтаг) ГБ

Қақпашылар: Төлеубай (Мельников, 54:06-60:00) - Зиновьев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.