Ақтөбе Петропавлдан 4 ұпай алып кетті, Сұңқар Көкшетауда тағы да жеңіске жетті, Түркістанда буллиттер сериясы

19 qyrkúıek
136

Қазақстан жастар чемпионатындағы ойын демалысы үш матчпен басталды.

«Құлагер» өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы өткен кездесуде ұпай еншілей алмады. Батысқазақстандықтар сапында қорғаушы Мадияр Ғабдулин жеңіс шайбасының авторы атанды. Кирилл Шпигун 33 соққыны қайтарды. Осы жеңістің арқасында «Ақтөбе» чемпионаттың үздік сегіз командасының қатарындағы орнын нығайтты.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:4 (1:2, 0:1, 2:1)

1:0 - 00:41 - Тузов (Скляр, Жақсылықов) ГБ

1:1 - 18:23 - Потапов (Артамонов)

1:2 - 19:24 - Қаршығаев (Қадылбеков, Габдулин)

1:3 - 24:42 - Қадылбеков (Курносенко, Жұмажан) ГБ

1:4 - 50:35 - Габдулин (Сахи)

2:4 - 58:46 - Назаров (Гридчин, Дрождин) ГБ

3:4 - 59:11 - Кудьяров

Қақпашылар: Валентюкевич - Шпигун

«Сұңқар» да Көкшетаудағы сырт алаңдағы ойындарын сәтті аяқтады. Оралдықтар алғашқы кезеңнің өзінде қолайлы басымдыққа қол жеткізіп, кейін ойынды сенімді жеңіспен түйіндеді. Қонақтар сапында Кирилл Костенко дубль жасаса, Ратибор Феоктистов екі нәтижелі пас берді.

«Арлан» - «Сұңқар» 1:4 (0:2, 0:2, 1:0)

0:1 - 09:23 - Денисенко (Әуезбай, Богайчук)

0:2 - 14:13 - Костенко (Феоктистов, Денисенко) ГБ

0:3 - 27:51 - Костенко (Родионов, Макаринцев)

0:4 - 28:31 - Маликов (Феоктистов)

1:4 - 49:37 - Любченко

Қақпашылар: Аминов - Камбаров

«Тұран» мен «Торпедо» арасындағы қарымта кездесудің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Онда өскемендік хоккейшілер дәлірек болды – шешуші буллиттің авторы Роман Худяков атанды. Негізгі уақытта Ерасыл Кентаев Түркістан командасының қақпасына екі шайба соқты. Алаң иелері сапында Кирилл Козлов екі гол соқса, «жолбарыстардың» қақпашысы Абылайхан Төлеубай 56 соққыны қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Торпедо» 3:4 Б (2:2, 1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 00:55 - Кентаев ГБ

1:1 - 03:27 - Козлов (Сенопальников) ГБ

1:2 - 11:38 - Кентаев (Белоусов) ГБ

2:2 - 18:01 - Амангелді (Серік, Ержігіт)

3:2 - 30:45 - Козлов (Ержігіт, Сенопальников)

3:3 - 52:44 - Пальмтаг (Якушкин, Белоусов)

3:4 - 65:00 - Худяков

Қақпашылар: Төлеубай - Зиновьев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.