Алматы Торпедоны маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты, Астана Мұнайшыдан тағы да басым түсті, «жолбарыстар» минималды есеппен жеңіске жетті

22 qyrkúıek
157

Алматы, Астана және Түркістанда өтіп жатқан Қазақстан жастар чемпионатының матчтарын назарда ұстаймыз.

«Торпедо» хоккейшілері «Алматының» қақпасына шайба соға алмай, биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Оңтүстік астаналық ұжым төрт шайбаның үшеуін сан басымдығында соқты. Рахимбек Мейірман дубль жасаса, алаң иелерінің қақпашысы Александр Павлов 25 соққыны қайтарды. Бір қызығы, «Алматы» биылғы маусымда қорғаныста өте сенімді ойнап жүр. Команда 5 матчта небәрі 4 шайба жіберіп алды.

«Алматы» - «Торпедо» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 17:59 - Катасонов (Марат, Бақыт) ГБ

2:0 - 25:47 - Татаринцев (Катасонов, Марат) ГБ

3:0 - 34:35 - Мейрман (Бақыт, Татаринцев) ГБ

4:0 - 59:35 - Мейрман (Сенько, Деппершмидт)

Қақпашылар: Павлов - Зиновьев

«Астана» үшінші кезеңді қарқынды өткізіп, «Мұнайшыны» тағы да сенімді түрде жеңді. Абдуррахим Қыдырбай нәтижелі ойын көрсетіп, 5 (3+2) ұпай жинады. Богдан Дровосеков әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді.

«Астана» - «Мұнайшы» 8:1 (1:0, 1:1, 6:0)

1:0 - 13:34 - Тагнер (Дровосеков, Қыдырбай)

2:0 - 24:36 - Оразғали (Шевченко, Қыдырбай) ГБ

2:1 - 33:27 - Степанов

3:1 - 41:59 - Қыдырбай (Тагнер)

4:1 - 47:15 - Қыдырбай (Дровосеков, Ерболат)

5:1 - 47:52 - Графкин (Шевченко, Ерболат)

6:1 - 48:23 - Кармелюк (Валиханов, Аяпбергенов)

7:1 - 50:48 - Валиханов (Әділгереев)

8:1 - 52:44 - Қыдырбай (Дровосеков)

Қақпашылар: Теплов - Тасболат

«Тұран» мен «Горняк» арасындағы алғашқы кездесуде барлығын бір ғана дәл соққы шешті. Матчтың бел ортасында Мейіржан Нұрлан рудныйлықтардың қақпасын дәл көздеді. Абылайхан Төлеубай 22 соққыны қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Горняк» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 31:09 - Нұрлан (Даулеталиев, Рахматуллаев)

Қақпашылар: Төлеубай - Шинковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.